Кір жуғыш машинаны орнату

ОРНАТУ ТАЛАПТАРЫН ТЕКСЕРУ

Электр жүйесіне қосу және жерге байланыстыру

Өртену, электр тоғының соғуы және жарақаттану қаупінің алдын алу үшін сымдар мен жерге байланыстыру ANSI/FNPA №70 стандарттарына және жергілікті нормалар мен ережелерге сәйкес орындалуы керек. Құрылғы иесі құрылғының электр жүйесіне дұрыс қосылуына өзі жауапты.

Ұзартқышты пайдалануға тыйым салынады.

ЕСКЕРТУ Кір жуғыш машинамен берілетін қуаттану кабелін ғана пайдаланыңыз.

Орнатуға дайындық кезінде электр қуаты желісінің төмендегі талаптарға сәйкестігін тексеріңіз:

220-240 В, 50 Гц, сақтандырғыш немесе автоматты ажыратқыш 15 А.

Кір жуғыш машина басқа құрылғылар қосылмаған жеке қатарға қосылуы керек. Кір жуғыш машина жерге байланыстырылуы керек. Кір жуғыш машина бұзылған немесе сынған жағдайда жерге байланыстыру электр тоғының соғу қаупін азайтады. Егер кір жуғыш машина үш контактілі айырмен келсе, оны дұрыс орнатылған, жерге байланыстырылған розеткаға қосыңыз.

Жерге байланыстыруды пластик қабатқа, газ құбырларына, жылыту және су құбырларына қоспаңыз.

Жерге байланыстыру дұрыс жүзеге аспаған жағдайда электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін. Машинаны пайдаланар алдында кәсіби электрик жерге байланыстырудың дұрыс орындалғанын тексеру керек. Кір жуғыш машинамен бірге алынған айырды ауыстырмаңыз. Егер айыр розеткаға сәйкес келмесе, кәсіби электриктен сәйкес келетін розетка орнатып беруін сұраңыз.

Су жіберетін шлангті қосу

Су қысымы 50-800 кПа болған кезде кір жуғыш машина дұрыс жұмыс істейді. Су қысымы 50 кПа-дан төмен болса су клапаны толығымен жабылмай, істен шығуы мүмкін. Сондай- ақ кір жуғыш машинаның сумен толуы рұқсат етілген уақыттан ұзақ болуы салдарынан, құрылғы өшіп қалуы мүмкін. (Ішкі шлангтің жарылып кетуінен судың толып кетуін және су басып кетуін болдырмау үшін кір жуғыш машинаның басқару жүйесіне уақыт шектеуіші қойылған)

Су құбыры крандары кір жуғыш машинаның артқы қабырғасынан 122 см –ден аспайтын қашықтықта болуы керек: бұл жағдайда қосылу үшін кір жуғыш машинамен бірге жеткізілген су жіберетін шлангтың ұзындығы жеткілікті болады.

Егер шланг ұзындығы жеткіліксіз болса, қажет ұзындықтағы шлангті (305 см дейін) шаруашылық дүкенінен ала аласыз.

Судың ағып кету қаупін азайту үшін:

крандарға ыңғайлы қосылуды қамтамасыз етіңіз;

кір жуғыш машина пайдаланылмаса, крандарды жауып жүріңіз;

су ағып кетпегендігін үнемі тексеріп тұрыңыз.

Ескерту. Кір жуғыш машинаны алғаш пайдаланардың алдында барлық НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!шлангтерден,жеткізіңіз. клапандардан және крандардан судың ағып тұрмағандығына көз

14_ Кір жуғыш машинаны орнату

WF1802XF_DC68-03061F-12_KK.indd 14

2016/2/22 11:28:56

Page 102
Image 102
Samsung WF1802XFK/YLP Кір жуғыш машинаны орнату, Орнату Талаптарын Тексеру, Электр жүйесіне қосу және жерге байланыстыру