Samsung WF1802XFK/YLP Қуатты үнемдеу, Eco Bubble жуу, Сыртқы киім, Балалардың киімін жуу жүйесі

Models: WF1802XFK/YLP WF1802XFW/YLP

1 176
Download 176 pages 38.57 Kb
Page 90
Image 90

Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды өзгертеді. Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung кір жуғыш машинасы жалықтырған жұмысты сүйікті іске айналдырады.

Қуатты үнемдеу

Арнайы көпірік генератор жүйесі және тыныш айналатын түрлендіргіш қозғалтқышы бар стандартты А рейтингті құрылғымен салыстырғанда, бұл үлгі қуатты тиімді пайдалану мүмкіндігін ұсынады.

• Eco Bubble™ жуу

Samsung компаниясының тиімді Eco Bubble мүмкіндігі қосымша мата күтімімен жақсартылған тазалықты береді. Eco Bubble мүмкіндігі ұнтақтың тегістей таралуына және маталарға жылдам әрі тереңірек кіруіне мүмкіндік береді.

Сыртқы киім

Samsung кір жуғыш машинасын Eco Bubble мүмкіндігімен бірге пайдалану, кір жуғыштың сыртқа киілетін киімдер үшін ерекше күтім ұсынатын біле отырып, су өткізбейтін киімді бұрынғыдан бетер ыңғайлылықпен жууға мүмкіндік береді. Eco Bubble жасаған көпіршікті орта су өткізбейтін қабатты қатты соққыдан және желінуден болатын зақымнан қорғайды, сыртқа киілетін киімге келетін зақымды азайтады және нәзік маталардың өзге түрлерін де қорғайды.

Балалардың киімін жуу жүйесі

Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін қорғайтын, кір жуу бағдарламасы бар.

Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді, себебі жуғаннан кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері қалады. Сондай-ақ бағдарламалар кірді түріне қарай бөлуді қарастырады да, кір жуу кірдің сипаттамасына сәйкес жүзеге асады.

Қолмен жуу

Күтімді жуу сәйкес температураға, судың қажет көлеміне және іш-киімдерге жұмсақ әсер етуге байланысты жүреді.

Жылдам жуу

Әрбір минут санаулы! Біздің 15 минуттық Жылдам жуу мүмкіндігі жуып, ісіңізге асығуға мүмкіндік береді. Жылдам жуу бағдарламамыз оқиғаға толы өміріңізді ауыздықта ұстауға көмектеседі – сүйікті киімдеріңізді (2 кг-ға дейін) ендігі жерде бар болғаны 15 минут ішінде жуа аласыз!

Эко барабан тазалау бағдарламасы

Эко барабан тазалау бағдарламасы кір жуғыш машинаны ешбір химиялық жуғыш зат немесе ағартқышты қолданбай таза ұстауға көмектеседі. Арнайы тазалау бағдарламасының көмегімен кір жуғыш машина барабанын таза, әрі иіссіз етіп ұстаңыз.

Балалардан қорғайтын құлып

«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі балалардың машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.

Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап жүрген балалардан қорғалып тұрады.

2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

WF1802XF_DC68-03061F-12_KK.indd 2

2016/2/22 11:28:54

Page 90
Image 90
Samsung WF1802XFK/YLP Қуатты үнемдеу, Eco Bubble жуу, Сыртқы киім, Балалардың киімін жуу жүйесі, Қолмен жуу, Жылдам жуу