Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу

Samsung компаниясы шығарған Fuzzy Control кір жууды автоматты басқару жүйесінің арқасында кір жуу оңай, әрі ұнамды іс болады. Кір жуу бағдарламасын таңдаған кезде машина дұрыс температураны, кір жуу уақыты мен жылдамдығын өзі белгілейді.

1.Су құбыры кранын ашыңыз.

2.Кір жуғыш машинадағы Вкл. (Қуат) түймешесін басыңыз.

3.Есігін ашыңыз.

4.Заттарды кезекпен мөлшерден асырмай машина багына тығыздамай бос етіп салыңыз.

5.Есігін жабыңыз.

6.Бөліктерге сәйкес келетін кір жуу құралын, кір жууға арналған кондиционер мен алдын ала арнайы арналған бөліктеріне салыңыз.

Алдын ала жуу циклі тек Хлопок (Мақта мата), Синтетика (Синтетика), Джинсы (Джинс), Ежедневная (Күнделікті жуу), Детские вещи (Балаға арналған), Спортивные вещи (Спорт). Мұндай жуу заттар өте кір болса ғана қолданылады.

7.Мата түріне сәйкес қажет циклді таңдау үшін цикл ауыстырғышты пайдаланыңыз: Хлопок (Мақта мата), Синтетика (Синтетика), Джинсы (Джинс), Ежедневная (Күнделікті жуу), Шерсть (Жүн), Детские вещи (Балаға арналған), Спортивные вещи (Спорт), Быстрая 15’ (Жылдам 15’). Басқару панелінде сәйкес индикаторлар жанып тұрады.

8.Енді сәйкес түймешелердің көмегімен кір жуу температурасын, шаю санын, сығудың айналым саны мен кейінге қалдыру уақытын таңдауға болады.

9.Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) қою түймешесін басыңыз, кір жуу басталады. Кір жуу индикаторы жанып, дисплейде кір жуу циклінің қалған уақыты көрсетіледі.

Тоқтатып қою қызметі

Кір жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде кірді қосуға немесе азайтуға болады.

1.Есіктің бекітпесін ашу үшін Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.

Егер су өте ЫСТЫҚ немесе су деңгейі өте ЖОҒАРЫ болса, есікті ашуға болмайды.

2.Есікті жапқаннан кейін, кір жууды бастау үшін Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.

Кір жуу циклі аяқталды.

Кір жуу циклі толығымен аяқталғаннан кейін кір жуғыш машина қуаты автоматты түрде өшеді.

1.Есігін ашыңыз.

2.Кірді шығарыңыз.

02 КІР ЖУУ

Кір жуу _25

WF700B0BD-03214A-09_KK.indd 25

2014/8/11 16:51:01

Page 105
Image 105
Samsung WF600B0BCWQDLP manual Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу, Тоқтатып қою қызметі, Кір жуу циклі аяқталды