Кір жуу

Кір жуу режимін қолмен орнату

Кір жуу режимін цикл ауыстырғышты қолданбай-ақ қолмен орнатуға болады.

1.Су құбыры кранын ашыңыз.

2.Кір жуғыш машинадағы Вкл. (Қуат) түймешесін басыңыз.

3.Есігін ашыңыз.

4.Заттарды кезекпен мөлшерден асырмай машина багына тығыздамай бос етіп салыңыз.

5.Есігін жабыңыз.

6.Бөліктерге сәйкес келетін кір жуу құралын, кір жууға арналған кондиционер мен алдын ала арнайы арналған бөліктеріне салыңыз.

7.Температураны таңдау үшін Темп. түймешігін басыңыз.

( (Суық су: Барлық индикаторлар өшулі), 20 ˚C, 30 ˚C, 40 ˚C, 60 ˚C, 95 ˚C)

8.Шаюдың ұзақтығын көбейтетін Қосымша шаю режимін таңдау үшін Қызмет батырмасын басыңыз.

Сәйкесінше кір жуу ұзақтығы да арта түседі.

9.Айналдыру жылдамдығын таңдау үшін Отжим (Айналдыру) түймешігін басыңыз. ( : Айналдырмау, Барлық индикаторлар өшулі : Шаюды кейінге қалдыру )

10.Кір жууды кейінгі қалдырудың қосылған түрлерін (арасы 1 сағаттан 3 сағаттан 19 сағатқа дейін) қайта қосу үшін аяқтау үшін Кейін бастау түймешесін бірнеше рет басыңыз. Көрсетілген сағат мәні, жуу циклінің аяқталу уақытын білдіреді.

11.Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз, цикл басталады.

Кір жуу бойынша нұсқаулық

Тап таза киім мен кір жуудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу үшін мына қарапайым нұсқаулықты ұстаныңыз.

Кір жумас бұрын заттың жапсырмасында көрсетілген матаны күту ерекшеліктерін әрқашан ескеріп отырыңыз.

Кірлерді төмендегі белгілері бойынша іріктеп, жуыңыз.

Күту бойынша нұсқаулығы бар жапсырма. Мақта, аралас мата, синтетика, жібек, жүн және вискозадан жасалған бұйымдарды жеке жеке іріктеңіз.

Түсі. Түрлі түсті заттарды ақ түстен бөлек қойыңыз. Түрлі түсті жаңа киімдерді жеке жуыңыз.

Көлемі. Бір циклда көлемі түрлі заттар салу, тиімді кір жууды қамтамасыз етеді.

Нәзіктік. Ерекше матадан тігілген жүн, перде және жібек бұйымдарды «Ұқыпты жуу» циклін пайдалана отырып бөлек жуыңыз. Заттардың жапсырмасындағы кір жуу бойынша мәндерді немесе қосымшадағы матаны күту туралы ақпаратты қараңыз.

Қалталарын тексеру.

Кір жумас бұрын барлық қалталарды босатыңыз. Тиын, түйреуіш, шеге немесе тас сияқты қатты және өткір заттардың болуы кір жуғыш машинаны бүлдіруі мүмкін. Ірі тоқылған, түймелері мен басқа да ірі темір заттары бар киімдерді жумаңыз.

Киімдегі темір заттар киім мен бакты бүлдіруі мүмкін. Түймелері мен кестелері бар киімдерді жумас бұрын теріс айналдырып қойыңыз. Егер кір жуған кезде шалбарлар мен күртешелердің сыдырмасы ашылып тұрса, олар бакты бүлдіруі мүмкін. Кір жуардың алдында сыдырмалар жабылып, баулары байлануы керек.

Киімдердің ұзын баулары киімнің басқа бөліктерімен шатысып, киімді бүлдіруі мүмкін. Кір жуардың алдында баулардың дұрыс байланғанына көз жеткізіңіз.

Мақтадан тігілген бұйымды алдын ала жуу.

Заманауи кір жуғыш құралдарды қолданғанда кір жуғыш машина электр энергиясын, уақытты, суды және қаражатты үнемдей отырып үздік нәтиже береді. Егер мақтадан тігілген заттар қатты кірленген болса, оларды жуу үшін ақуыз негізді кір жуғыш құралмен алдын ала жуу бағдарламасын бірге қолданыңыз.

26_ Кір жуу

WF700B0BD-03214A-09_KK.indd 26

2014/8/11 16:51:01

Page 106
Image 106
Samsung WF700B0BDWQDLP, WF700B0BDWQ/LP, WF600B0BCWQDLP Кір жуу бойынша нұсқаулық, Кір жуу режимін қолмен орнату, 26 Кір жуу