Салқындатуға/жылытуға арналған құрылғыдағы ыстық суды пайдаланбаңыз.

-Бұл кір жуғыш машинаның бүлінуіне әкелуі мүмкін

Кір жуғыш машинаға қол жууға арналған сабынды пайдаланбаңыз.

-Егер ол қатып, кір жуғыш машинада жиналып қалса, машина бүлініп, түссізденіп, тот басып немесе жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

Төсек жабдықтары сияқты көлемді заттарды кір жууға арналған торда жумаңыз.

-Шұлық және кеуде тартқышты кір жууға арналған торға салыңыз және оларды басқа кірлермен бірге жуыңыз.

-Бұл талапты орындамау қатты дірілден жарақаттануға әкеп соғуы мүмкін.

Қатып қалған кір жууға арналған құралдарды пайдаланбаңыз.

-Олардың кір жуғыш машинада жиналуы судың ағып кетуіне әкеледі.

Егер Сіздің кір жуғыш машинаңыздың астыңғы жағында желдеткіш тесіктері болса, осы тесіктердің ауаның жүруіне кедергі жасайтын кілеммен немесе басқа да затпен жабылмағанын тексеріңіз.

Машинада жуылатын киімдердің қалтасы бос екендігіне көз жеткізіңіз.

-Тиын, ағылшын түйреуіші, шеге, бұрандалы бекіткіш немесе тас сияқты қатты өткір заттар кір жуғыш машинаның бүлінуіне әкелуі мүмкін.

Ірі тоқылған, үлкен түймелері немесе басқа да металл ауыр жабдығы бар киімдерді кір жуғыш машинада жумаңыз.

Ескерту. КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ТАЗАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Машинаға жай ғана су шашып, тазаламаңыз.

Құрамында қышқылы аса көп тазалағыштарды қолданбаңыз.

Кір жуғыш машинаны тазалау үшін бензол, еріткіш немесе спиртті пайдаланбаңыз.

-Бұл түссізденуге, деформацияға, сынуға, электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.

Кір жуғыш машинаны тазалау немесе оған техникалық қызмет көрсету алдында машинаны қуаттану көзінен қабырға розеткасынан қуаттану айырын суыру арқылы ажыратыңыз.

-Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.

WEEE БЕЛГІСІНЕ ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР

Бұл машинадан қалай құтылу керек (Керек емес электр және электронды құрылғылары)

(Қоқысты бөлек жинау жүйесі бар Еуропа Одағы елдеріне және басқа да еуропа елдеріне қатысты)

Бұйымдағы, қосымша жабдықтардағы немесе баспа өнімдеріндегі бұл белгі бұйымды және оның қосымша электронды құрылғыларын (мысалы, қуаттау құрылғысы, тыңдау құрылғылары, USB кабель) жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін басқа үй қалдықтарымен бірге лақтыруға болмайтынын білдіреді. Қажет емес заттарды қалай болса солай тастаудың нәтижесінде қоршаған ортаға немесе адамдардың денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін болдырмау үшін көрсетілген бөліктерді тасталатын құрылғының басқа бөліктерінен бөлек алып, материалды ресурстарды тиімді қайта пайдалануға үлес қосу үшін қайтадан кәдеге жаратыңыз.

Үй тұтынушыларына осы құрылғыны қайтадан экологиялық қауіпсіз пайдалануға оны қайда және қалай өткізуге болатындығын білу үшін сатып алған жеке сатушымен немесе жергілікті билік кеңсесімен байланысқан жөн.

Бизнеспен айналысатын тұтынушылар, өздерінің жеткізушілерімен байланысып, ережелер мен сатып алу шарттарын тексерулері керек. Бұл бұйымды және оның электронды жабдықтарын басқа коммерциялық қалдықтармен бірге лақтырудың қажеті жоқ.

Сақтандыру шаралары _11

WF700B0BD-03214A-09_KK.indd 11

2014/8/11 16:50:56

Page 91
Image 91
Samsung WF600B0BCWQ/LP, WF700B0BDWQ/LP, WF600B0BCWQDLP, WF700B0BDWQDLP manual Weee Белгісіне Қатысты Нұсқаулықтар