Samsung MW73BR/BWT manual Электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ескерту

Page 46

КАЗАҚ

Қорек сымын тартпаңыз, не қатты майыстырмаңыз. Қорек сымын иіп немесе шиеленістірмеңіз.

Қорек сымын металл заттарға ілмектеп байламаңыз, ауыр затты қорек сымының үстіне қоймаңыз, қорек сымын заттардың арасына қыстырмаңыз немесе қорек сымын құрылғының артына тықпаңыз.

-Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып суырмаңыз.

-Ашаны розеткадан ашаның өзінен ұстап суырыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Құрылғы немесе қорек сымы бүлінген жағдайда, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ескерту

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ белгілері

Құрылғы ұзақ уақыт қолданыста болмаса немесе найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде құрылғының ашасын розеткадан суырыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт

шығуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ Құрылғыны іске қосуға қатысты қатаң ескерту белгілері

Газ шығып кеткен кезде (мысалы, пропан, сұйылтылған газ т.с.с.) құрылғы ашасына қол тигізбей, бөлмені дереу желдетіңіз. Құрылғыға немесе оның қорек сымына қол тигізбеңіз.

-Желдеткішті қолданбаңыз.

-Жарқыл шығып, жарылыс немесе өртке ұласуы мүмкін.

Тағам пісіріп тұрғанда немесе пісіріп болғаннан кейін, құрылғының есігі, немесе кез келген басқа бөлшегі денеге тиіп кетпес үшін абай болыңыз.

-Бұл нұсқау орындалмаса, күйіп қалуыңыз мүмкін. Байқаусызда күйіп қалмас үшін, тағамды пештен алар кезде ӘРҚАШАН пешке арналған қолғапты қолданыңыз.

Пештің есігін ашқан кезде, одан кем дегенде шынтақтың ұзындығындай қашықтықта тұрыңыз.

Себебі : Пештен шыққан ыстық бу шарпып кетуі мүмкін.

6

Микротолқынды пеште сусындарды қыздырған кезде кенет тасып кетуі мүмкін, сондықтан да, сауытты абайлап ұстау керек; Бұндай жағдайдың алдын алу үшін, ӘРҚАШАН пешті сөндіргеннен кейін, қыздырылған тағамды температура теңгерімі орын алғанша кем дегенде 20 минут пештің ішіне қоя тұрыңыз. Қажет болса, қыздырып жатқанда және қыздырып болғаннан кейін де ӘРҚАШАН араластырыңыз. Бу шалып кетсе, төмендегі әрекеттерді орындап, АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ көрсетіңіз:

-Бу шалып кеткен жерді кем дегенде 10 минут суық суға малыңыз.

-Таза, құрғақ бинтпен жабыңыз.

-Ешбір крем, май немесе лосьон жақпаңыз.

-Дәрігерге хабарласыңыз

Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.

Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.

Жұмыртқаны микротолқынды пеште қабығын аршымай, бітеулей пісіруге болмайды, себебі олар микротолқынмен қыздырып болғаннан кейін жарылып кетуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ : Баланы тамақтандыратын шөлмектің және балалар тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін берер алдында араластыру немесе шайқау керек және күйіп қалмас үшін температурасын тексеру керек.

ЕСКЕРТУ : Балаларға микротолқынды пешті дұрыс қолданбағанда қатерлі жағдайлардың орын алатындығын түсіндіріп, оларға тиісті нұсқаулар бергеннен кейін ғана микротолқынды пешті ешкімнің қадағалауынсыз пайдалануға рұқсат етіңіз.

Бұл құрылғыны кембағал, сезім не ойлау жүйесіне зақым келген немесе құрылғыны іске қосу тәжірибесі жоқ адамдар, басқа адамның нұсқауы немесе қадағалауынсыз қолдануға тиіс емес.

ЕСКЕРТУ : Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қол жететін бөлшектері қызып тұруы мүмкін. Жас балалар күйіп қалмас үшін оларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.

ЕСКЕРТУ : Электр қатеріне түсіп қалмас үшін, құрылғы шамын ауыстырар кезде оны электр желісінен ағытып алыңыз.

MW73BR_BWT-03781C-03_KZ.indd 6

2011-01-20 4:31:27

Image 46
Contents Микроволновая Печь Оглавление Печь Настройки автоматической ускоренной разморозкиКнопка +30 с Панель УправленияПринадлежности Назначение вращающийся подносВажные знаки безопасности и меры предосторожности Использование Данного РуководстваСведения О Безопасности Травмы или летальному исходуВнимание Меры предосторожности при установке Устройство должно быть надлежащим образом заземленоВнимание Меры предосторожности при эксплуатации Не разрешайте детям играть с устройствомНевыполнение этого требования может привести к ожогам Русский Дверца может прищемить ткань Это может повредить раковину или стеклянный предметПредупреждение Инструкции по очистке Внимание Меры предосторожности при очисткеНе сушите в микроволновой печи бумагу и одежду Установка Микроволновой Печи Установка ВремениЧасы Действия ПРИ Возникновении Проблем ИЛИ Сомнений Приготовление И Разогрев ПродуктовРегулировка Времени Приготовления Уровни МощностиОстановка Приготовления Включение Режима ЭнергосбереженияПараметры Быстрого Разогрева И Приготовления Использование Режима Быстрого Разогрева И ПриготовленияНа дисплее снова отобразится текущее время Нажмите кнопку Ускоренная разморозка Использование Режима Автоматической Ускоренной РазморозкиНастройки Автоматической Ускоренной Разморозки РезультатеРуководство ПО Выбору Посуды Поэтапное ПриготовлениеНажмите кнопку Ускоренная разморозка один или несколько раз Фарфоровая Микроволно­­ Вой печью Блюдо дляОбжаривания Глиняная посудаТехнические Характеристики Очистка Микроволновой ПечиНе накапливались Не мешали дверце плотно закрываться ДЛЯ Заметок Кодовый DE68-03781C-03 Мікрохвильова піч ПІЧ ЗмістЩо робити, якщо виникли сумніви з приводу чогось Панель Керування Приладдя Важливі символи безпеки і застереження Використання Цієї ІнструкціїІнформація З Техніки Безпеки Травми або смертіПопередження Обов’язкові знаки попередження для встановлення Символи, на які слід звернути увагу під час встановленняУвага до електромережі Символи, на які слід звернути увагу під час під’єднанняОбов’язкові знаки попередження під час використання Інакше можна отримати опіки Символи, на які слід звернути увагу під час використання Якщо на поверхні з’явились тріщини, вимкніть пристрій Таким чином скло можна пошкодити або воно розіб’єтьсяПопередження Обов’язкові знаки попередження для чищення печі Щоб показувати час Встановлення Мікрохвильової Печі Встановлення ЧасуЧасы Годинник Натисніть кнопку СВЧ Рівень потужності ПРИГОТУВАННЯ/ПІДІГРІВАННЯКнопок 10 мин 10 хв., 1 мин 1 хв. та 10 сек 10 с Регулювання Часу Приготування Рівень ПотужностіЗупинка Приготування ЇЖІ Налаштування Режиму Заощадження ЕлектроенергіїПараметри Швидкого РОЗІГРІВАННЯ/ Приготування ЇЖІ Використання Режиму Швидкого РОЗІГРІВАННЯ/ПРИГОТУВАННЯ ЇЖІРозмір Час Рекомендації Порції Витримки Натисніть кнопку Ускоренная Разморозка Швидке розмороження Використання Режиму Автоматичного Швидкого РозмороженняПараметри Автоматичного Швидкого Розмороження Результат На дисплеї з’явиться індикаціяРежим мікрохвиль І Приготування ЇЖІ У Декілька ЕтапівУскоренная Разморозка Швидке розмороження Режим мікрохвиль ІІПосібник ІЗ Вибору Посуду Чищення Мікрохвильової Печі Технічні Характеристики Примітка Код DE68-03781C-03 Микротолқынды пеш MW73BRМазмұны ПЕШМақсаты Басқару ПанеліКЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ Айналмалы шығырық , пеш табаныныңҚауіпсіздік Туралы Ақпарат ОСЫ Пайдаланушы Нұсқаулығын ҚолдануҚауіпсіздікке қатысты маңызды белгілер және сақтық шаралары Ескерту Құрылғыны орнатуға қатысты қатаң ескерту белгілері Абай Болыңыз Орнату бойынша ескерту белгілеріЭлектр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ескерту Тағамдарды журнал немесе газет парақтарына орап қыздырмаңыз Абай Болыңыз Іске қосуға қатысты ескерту белгілері Казақ Абай Болыңыз Тазалауға қатысты ескерту белгілері Ескерту Тазалауға қатысты қатаң ескерту белгілеріТот басуы мүмкін Сағатты келесі Микротолқынды Пешті ОрнатуУақытты Орнату Режимге қою үшінАқаулық Туындаса Немесе Күмән Пайда Болса НЕ Істеу Керек Пісіру / ҚыздыруПісіруді Тоқтату Қуат МәндеріПісіру Уақытын Реттеу Қуатты Үнемдеу Режимін ОрнатуЖылдам ҚЫЗДЫРУ/ПІСІРУ Параметрлері Жылдам ҚЫЗДЫРУ/ПІСІРУ Функциясын ҚолдануInstant Reheat/Cook Жылдам қыздыру/пісіру Rapid Defrost Жылдам жібіту түймешігін басыңыз Автоматты Түрде Жылдам Жібіту Функциясын ҚолдануАвтоматты Түрде Жылдам Жібіту Функциясы Нәтижесі Бейнебетте келесі көрсетіледіМикротолқын режимі КӨП Циклді ПісіруПісіру уақытын 10 min 10 мин, 1 min 1 мин Ыдыстың Жарамдылығын Анықтау Балауыз немесе Микротолқынды Пешті ТазалауЫдыс-аяқ Микротолқынға Түсіндірме Төзімді Май өткізбейтінТехникалық Параметрлері Ескерім Код DE68-03781C-03
Related manuals
Manual 20 pages 4.97 Kb