Тазалау және күтім көрсету
Пештің үсті | Қатты ластану |
|
|
ЕСКЕРТУ
Пештің қызып тұрған керамика бетіне жуғыш заттарды тигізбеу керек: Құрылғыны тазалап болғаннан кейін, жуғыш заттардың қалдығын суды қажетті мөлшерде қолдана отырып тазалау керек, себебі бұндай заттар пештің беті қызғанда оны жеміргіш келеді. Гриль немесе пеш бүріккіші, түрпілі жөке немесе түрпілі ыдыс тазалағыш тәрізді жеміргіш заттарды қолданбаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Пештің керамика бетін, пайдаланып болғаннан кейін, жылы тұрған кезінде тазалаңыз. Бұлай істегенде, пештің үстіне төгілген тағам қалдығы, қатып жабысып қалмайды. Пештің керамика бетін немесе тот баспайтын темір құрылғыларға арналып сатылатын жуғыш заттарды қолданып, ақтаңдақтарды, судан қалған жолақты, шашыраған май және металл дақтарды тазалаңыз.
Шамалы ластану
1.Пештің керамика бетін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
2.Таза шүберекпен құрғатыңыз. Пештің үстіне жуғыш заттың қалдығын қалдырмау керек.
3.Пештің керамика бетін аптасына бір рет пештің керамика бетіне немесе тот баспайтын темір құрылғыларға арналып сатылатын жуғыш затпен жақсылап тазалау керек.
4.Пештің керамика бетін таза суды қажетті мөлшерде қолданып тазалап, түгі шықпайтын шүберекпен жақсылап құрғатыңыз.
1.Тасып төгілген және қатып қалған қоқысты, шыны қырғышпен тазалаңыз.
2.Шыны қырғышты керамика бетке бұрыш жасай отырып ұстаңыз.
3.Қоқысты қырғыштың жүзімен тазалаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Шыны қырғыштар мен керамика шыныны тазалағыштарды, арнайы бөлшек сауда орталықтарынан алуға болады.
Тазалау және күтім көрсету
Казақ 23
4/12/2016 10:40:11 AM