Samsung WF60F4E5W2X/LP, WF60F4E5W2W/LP, WF80F5E5U4W/LP Абай Болыңыз Пайдалануға қатысты Ескертулер

Page 25

Құрылғыны жөндеу немесе қайта орнату қажет болған кезде, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, өрт шығуы, өнімге нұқсан келуі немесе адам жарақат алуы мүмкін.

Егер су құятын шүмекке жалғанған су түтігі босап қалып, құрылғы судың астында қалса, ашаны розеткадан суырыңыз.

Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Құрылғы ұзақ уақыт қолданыста болмаса немесе найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде құрылғының ашасын розеткадан суырыңыз.

Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Егер құрылғыға қандай да бір бөгде зат кіріп кетсе, ашасын розеткадан суырып, ең жақын жердегі Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пайдалануға қатысты ЕСКЕРТУЛЕР

Кір жуғыш машинаны жуғыш зат, шаң, тағам қалдықтары т.с.с. зат ластаса, ашаны розеткадан суырыңыз да, кір жуғыш машинаны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.

Бұлай істемегенде, құрылғының өңі кетіп, деформациялануы, бүлінуі не тоттануы мүмкін.

Қатты соққы тисе алдыңғы шынысы сынып қалуы мүмкін. Кір жуғыш машинаны пайдаланған кезде абай болыңыз.

Шынысы сынып қалса, жарақат алу қаупі бар.

Сумен жабдықтау жүйесіне нұқсан келгеннен кейін немесе су құятын түтікті қайта жалғағаннан кейін судың шүмегін баяу ашыңыз.

Ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін судың шүмегін байқап ашыңыз.

Су құятын түтіктегі не су құбырындағы ауаның қысымы, құрылғының бөлшегін зақымдауы немесе су ағып кетуге себеп болуы мүмкін.

Жұмыс істеп тұрғанда су төгілсе, су төгуге қатысты ақаулықтың бар-жоғын тексеріңіз.

Су төгіліп, құрылғы суда қалған кезде оны іске қоссаңыз, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Кірді салған кезде есікке қысылып қалмайтын етіп, кір жуғыш машинаға әбден салу керек.

Егер кір есікке қыстырылып қалса, киімге немесе кір жуғыш машинаға нұқсан келуі немесе су ағып кетуі мүмкін.

Кір жуғыш машинаны пайдаланбаған кезде суды жауып қойыңыз.

Су құятын түтіктің жалғастырғышының бұрандаларының дұрыс қатайтылғанын тексеріңіз.

Бұлай істемеген жағдайда, мүлікке зиян келуі не адам жарақаттануы мүмкін.

Резеңке тығыздағыш пен алдыңғы есікті ешбір бөгде зат (мысалы, қоқыс, жіп, шаш т.с.с.) ластап тастамауын қамтамасыз етіңіз.

Есікке бөгде зат қыстырылып қалса немесе есік толық жабылмаса су ағып кетуі мүмкін.

Судың шүмегін ашыңыз да, су құятын түтік жалғастырғышының әбден қатайтылғанын және құрылғыны қолданар алдында еш су ақпай тұрғанын тексеріңіз.

Егер су құятын түтік жалғастырғышының бұрандалары босап қалса, су ағып кетуі мүмкін.

Сатып алған құрылғыңыз тұрмыста қолдануға ғана арналған.

Құрылғыны коммерциялық мақсатта пайдалану, көрсетілген мақсатта пайдаланбауға жатады. Бұндай жағдайда, өнім Samsung тарапынан берілетін стандартты кепілдік бойынша қарастырылмайды және дұрыс қолданбау салдарынан орын алған ақау немесе нұқсанға Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді.

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі, ыдыс- аяқ, химиялық заттар, темір заттар т.с.с.) қоймаңыз.

Бұның нәтижесінде электр, өрт қатері орын алып, құрылғыға нұқсан келуі не адам жарақаттануы мүмкін.

Казақ - 8

Untitled-8 8

2014-01-10 �� 2:46:36

Image 25
Contents Меры предосторожности СодержаниеУстановка стиральной машины Использование стиральной машиныТехническое обслуживание стиральной машины Очистка стиральной машиныТаблица циклов ПриложениеВажные сведения по технике безопасности Меры предосторожностиВажные значки безопасности Перед использованием устройства прочтите все инструкцииВажные меры предосторожности Не допускайте спутывания или перекручивания кабеля питания Предупреждение Важные Предупреждения при установкеПредупреждение Важные Предупреждения при использовании Внимание Будьте Внимательны при установкеВнимание Будьте Внимательны при использовании Русский Предупреждение Важные Предупреждения при очистке Инструкции для WeeeІнформація з техніки безпеки ЗмістНалаштування пральної машини Експлуатація пральної машиниДогляд за пральною машиною Чищення пральної машиниУсунення несправностей та інформаційні коди Таблиця режимівЩо потрібно знати про інструкції з техніки безпеки Інформація з техніки безпекиВажливі символи з техніки безпеки Важливі застереження з техніки безпеки ПОПЕРЕДЖЕННЯ. Важливі попередження щодо встановлення ПОПЕРЕДЖЕННЯ. Важливі попередження щодо використання УВАГА. Застереження щодо встановленняУВАГА. Застереження щодо використання Українська ПОПЕРЕДЖЕННЯ. Важливі попередження щодо чищення Қауіпсіздік туралы ақпарат МазмұныКір жуғыш машинаны пайдалану Ақаулықты түзету және ақпарат кодтары Кір жуғыш машинаны тазалауЦикл кестесі ҚосымшаҚандай қауіпсіздік нұсқауларын білу керек Қауіпсіздік туралы ақпаратМаңызды қауіпсіздік белгілері Құрылғыны қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып шығыңызБалаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек Қауіпсіздікке қатысты маңызды ескертулерЕскерту Орнатуға қатысты қатаң Ескертулер Ескерту Пайдалануға қатысты қатаң Ескертулер Абай Болыңыз Орнатуға қатысты ЕскертулерБұл құрылғыны ашасына қол оңай жететін жерге орнату керек Абай Болыңыз Пайдалануға қатысты Ескертулер Себебі барабанды тот басуы мүмкін Ескерту Тазалауға қатысты қатаң Ескертулер Еэжэқ ескертулеріXavfsizlik bo’yicha ma’lumotlar MundarijaKir yuvish mashinasini o’rnatish Kir yuvish mashinasidan foydalanishKir yuvish mashinasiga texnik xizmat ko’rsatish Kir yuvish mashinasini tozalashRejimlar jadvali IlovaMuhim xavfsizlik belgilari Xavfsizlik bo’yicha ma’lumotlarTexnika xavfsizligi bo’yicha muhim choralar Ogohlantirish O’rnatishga oid muhim Ogohlantirishlar Ogohlantirish Foydalanishga oid muhim Ogohlantirishlar Diqqat O’rnatishga oid Ogohlantiruvchi MA’LUMOTLARDiqqat Foydalanishga oid Ogohlantiruvchi MA’LUMOTLAR Bu barabanning zanglanishiga olib kelishi mumkin Bu kuyish yoki jarohat olishga sabab bo’lishi mumkinOgohlantirish Tozalashga oid muhim Ogohlantirishlar Weee belgisiga oid ko’rsatmalar