Өнімнің сыйымдылығын көрсету стандарты туралы
HDD сыйымдылығын көрсету туралы
Жады құралының (HDD, SSD) сыйымдылығын өндіруші 1KB=1,000 байтқа тең деген есеп бойынша есептеген.
Дегенмен, операциялық жүйе (Windows) жады құралының сыйымдылығын 1KB=1,024 байтқа тең деп есептейді, сондықтан да, Windows жүйесіндегі HDD сыйымдылығы, сыйымдылықты өлшеу тәсілдерінің әртүрлі болуына байланысты осы құралдың нақты сыйымдылығынан, азырақ болып көрсетіледі.
(Мысалы, 80GB HDD құралының Windows жүйесіндегі сыйымдылығы 74.5GB, 80x1,000x1,000x1,000 байт/(1,024x1,024x1,024)байт = 74.505GB) болып көрсетіледі.
Сонымен қатар, Windows жүйесіндегі сыйымдылықты көрсету, мысалы Recovery Solution тәрізді кейбір бағдарламалардың HDD құралының жасырын жерінде сақталуына байланысты бұдан да кіші болып көрінуі мүмкін.
Жады сыйымдылығын көрсету туралы
Windows жүйесінде көрсетілген жады сыйымдылығы, жадының нақты сыйымдылығынан кіші болып табылады.
Бұл BIOS немесе видео адаптердің, жадының белгілі бір бөлігін иемденуіне немесе кейін пайдалану үшін иемденуіне байланысты.
(Мысалы, 1GB(=1,024MB) жады құралы орнатылса, Windows жүйесі оның сыйымдылығын 1,022MB немесе одан аз етіп көрсетуі мүмкін)
Қазақша