Ескерту
Осы белгішемен көрсетілген нұсқаулар орындалмаған жағдайда, адам жарақаттануы, тіпті өлімге әкелетін жағдай орын алуы мүмкін.
Батареяны қолдану туралы
Батареяны балалар мен үй жануарларынан алыс ұстаңыз, себебі олар батареяны ауыздарына салып қоюы мүмкін.
Электр тоғына түсу немесе қақалып қалу қаупі бар.
Қолдану рұқсатына ие бөлшектер
Тек қолдануға болатын батарея мен АТ адаптерін қолданыңыз.
Тек Samsung Electronics тарапынан қолдануға болады деп рұқсатталған батарея мен адаптерді ғана қолданыңыз.
Қолдануға болады деп рұқсатталмаған батареялар мен адаптер, қауіпсіздік ережелері талаптарына сай келмеуі мүмкін және ақаулық тудыруы немесе компьютерді бүлдіріп, соның салдарынан жарылыс немесе өрт шығуы мүмкін.
Компьютерді төсектің үсті немесе жастықтың үсті т.с.с. тәрізді жақсы желдетілмейтін жерге және еден арқылы жылынатын бөлмеге қойып қолданбаңыз, себебі компьютер қатты қызып кетуі мүмкін.
Компьютердің
саңылауларының
(бүйірі немесе астыңғы жағында) әсіресе осындай жерлерде бітеліп қалмауын қадағалаңыз. Саңылаулары бітеліп қалса, компьютер қатты қызып кетуі, тіптен жарылып кетуі де мүмкін.
Компьютерді жуынатын бөлме немесе сауна тәрізді ылғалды жерде қолданбаңыз.
Компьютерді ұсынылған температура және ылғалдылық мәндеріне сай келетін (10~32ºC, 20~80% RH) жерде қолданыңыз.
Қуат сөндірулі
Жұмыс істеп тұрған компьютердің СКБ панелін жаппаңыз және компьютерді сөмкеге салып алып жүрмеңіз.
Компьютерді сөндірмей тұрып сөмкеге салсаңыз, компьютер қатты қызып кетуі және өрт шығу қатері бар. Компьютерді орнынан қозғамас бұрын сөндіріңіз.