Абай болыңыз
Осы белгішемен көрсетілген нұсқаулар орындалмаған жағдайда, адам жеңіл жарақат алуы немесе өнімге нұқсан келуі мүмкін.
Деректерді сақтау және жылжыту
Өнімді орнынан жылжыту үшін электр тоғынан ажыратыңыз және оған жалғанған сымдардың барлығын ағытыңыз.
Өнімге зақым келуі немесе пайдаланушылар компьютер сымдарын басып кетуі мүмкін.
Ноутбук компьютерді ұзақ уақыт қолданбасаңыз, батареясын алыңыз да, жеке сақтаңыз. (Сыртқы және алмалы батареясы бар үлгілер үшін)
Батарея жеке жерде барынша жақсы сақталады.
Көлік жүргізіп келе жатқанда компьютерде жұмыс істемеңіз немесе оған қарамаңыз.
Жол апатына ұшырау қаупі бар. Назарыңызды көлік жүргізуге аударыңыз.
Деректерді жоғалтып алудан сақтандыру (Тұрғылықты дискіні басқару)
Тұрғылықты дискідегі деректерді жоғалтып алмас үшін абай болыңыз.
Тұрғылықты диск сыртқы соққыға өте осал, әрі сыртқы соққы тұрғылықты диск бетінде сақталған деректің жойылып кетуіне алып келуі мүмкін.
Өте сақ болыңыз, себебі компьютер қосылып тұрғанда жылжытсаңыз немесе оған күш түсірсеңіз, тұрғылықты дискідегі деректерге нұқсан келуі мүмкін.
Пайдаланушының ұқыпсыздығынан немесе компьютер тұрған жердің қолайсыздығына байланысты жойылған деректерге компания ешбір жауапкершілік көтермейді.
Тұрғылықты диск деректері мен тұрғылықты дискіні бүлдіретін себептер.
Компьютерді жинап немесе бөлшектеп жатқан кезде, тұрғылықты дискіге соққы тисе, деректер жойылуы мүмкін.
Компьютерді сөндірген кезде немесе тұрғылықты диск жұмыс істеп тұрған кезде электр қуаты өшіп қалып, компьютерді қайта қосқан кезде деректер жойылуы мүмкін.
Компьютер вирусының әсерінен деректер біржола жойылуы мүмкін.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде, электр қуаты сөніп қалса да, деректер жойылуы мүмкін.
Тұрғылықты диск жұмыс жасап тұрған кезде компьютерді жылжыту немесе оған күш салу да, тұрғылықты дискіде сақталған файлдарды бүлдіру немесе ондағы секторларды нашарлатуы мүмкін.
Тұрғылықты дискіге нұқсан келген жағдайда, деректер жойылып кетпес үшін, олардың сақтық көшірмесін жасап қойыңыз.