Ескерту
Осы белгішемен көрсетілген нұсқаулар орындалмаған жағдайда, адам жарақаттануы, тіпті өлімге әкелетін жағдай орын алуы мүмкін.
Ішкі батареяның қуатын ажырату (тиісті үлгілерге ғана қатысты)
Қолдану туралы ақпарат
Кіріктірмелі
батареялары бар өнімдерге ғана қатысты, пайдаланушылар батареяны ала алмайды.
Су алып кетсе, күн күркіресе немесе жарылыс шықса, компьютердің астыңғы жағындағы [Қауіпсіздік саңылауына] қағаз қыстырғыш тәрізді затты сұғып, батареяны қуат көзінен ажыратуға болады.
АТ адаптерін ағытып, қағаз қыстырғыш тәрізді затты компьютердің астындағы саңылауға сұғып, батареяны қуат көзінен ажыратыңыз.
Су алып кетсе, күн күркіреп немесе жарылыс шықса, батареяның қуатын ажыратыңыз, АТ адаптерін қайта жалғамаңыз және тиісті шараларды қолға алу
үшін Samsung Electronics компаниясына дереу хабарласыңыз.
Содан кейін, егер АТ адаптерін қайта жалғасаңыз, батарея қайта қуат көзіне қосылады.
Қалыпты
жағдайда
батареяны
қуаттан ажыратпаңыз.
Себебі
деректер
жойылып
немесе
құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Компьютерді тазалардың алдында оған жалғанған сымдардың барлығын ағытыңыз. Егер ноутбукке сыртқы және алмалы батарея орнатылған болса, сыртқы батареяны алыңыз.
Электр қатері орын алуы немесе өнімге зиян келуі мүмкін.
Сандық телефонға жалғанған байланыс сымын, модемге жалғамаңыз.
Электр қатері орын алуы, өрт шығуы немесе өнімге зиян келуі мүмкін.