Компьютерде дұрыс отырып жұмыс істеу
Компьютерде жұмыс істегенде денені дұрыс ұстап отыру, денеге зиян келтірмеу үшін маңызды болып табылады.
Төмендегі нұсқаулар компьютерде жұмыс істеген кезде денені дұрыс ұстауға негізделген, әрі адамзат инжинирингі арқасында қалыптасқан. Нұсқауларды оқыңыз да, компьютерді қолданғанда мұқият орындаңыз.
Бұлай істемегенде, қайталанбалы әрекеттің салдарынан сіңір тартылуының (RSI: Repetitive Strain Injury) созылмалы түрі пайда болып, денсаулыққа елеулі зақым келуі мүмкін.
Осы нұсқаулықта қатардағы пайдаланушылар қолдануға арналған ережелер қамтылған. Егер пайдаланушы осы нұсқаулықта көрсетілген санатқа жатпаса, онда ол осы ұсыныстарды өз талғамына сай қолдануы керек.
Дұрыс отыру
Үстел мен орындықтың биіктігін өз бойыңызға лайықтап реттеп алыңыз.
Үстел мен орындықтың биіктігін, орындыққа отырып, қолыңызды пернетақтаға қойған кезде, шынтағыңыз дұрыс бұрыш жасайтындай етіп реттеу керек.
Орындықтың биіктігін, отырған кезде табаныңыз еденге жайлы орнығатындай етіп реттеу керек.
Компьютерді жатып қолдануға болмайды, тек отырып ғана қолданыңыз.
Компьютерді тізеңізге қойып қолданбаңыз. Егер компьютердің температурасы жоғарыласа, күйіп қалуыңыз мүмкін.
Компьютерде жұмыс істегенде, білезігіңізді тура бағытта ұстаңыз.
Арқалығы қолайлы орындыққа отырыңыз.
Орындықта отырған кезде, аяғыңыздың салмағын орындыққа емес, табаныңызға түсіріңіз.
Компьютерді телефон арқылы сөйлесіп отырып қолдану үшін құлаққапты қолданыңыз. Телефонның тұтқасын иығыңызға қыстырып отырып компьютерде жұмыс істеу, отырысыңызға зиянды әсер етеді.
Жиі қолданылатын заттарды өзіңізге жақын (қолыңыз оңай жететін жерде ұстаңыз) ұстаңыз.
Қазақша