Байланыстар

Теледидарға жалғау

1-жағдай : Теледидарға HDMI кабелі арқылы жалғау - Ең жақсы сапа (Ұсынылады)

1.HDMI кабелінің көмегімен өнімнің артқы бетіндегі HDMI OUT ұясын теледидардың HDMI IN ұясына жалғаңыз.

2.Өнімді және теледидарды қосыңыз.

3.Өнімнің HDMI сигналы теледидар экранында пайда болғанға дейін қашықтан басқару пультіндегі кіріс сигналының таңдағышын басыңыз.

Қашықтан басқару пульті теледидарды басқаратын етіп реттелген болса (19-бетті қараңыз), қашықтан басқару пультіндегі TV SOURCE түймесін басып, теледидардың сыртқы көзі ретінде HDMI параметрін таңдаңыз.

HDMI кабелі

(жинаққа кірмейді)

￿ЕСКЕРТПЕ

HDMI кабелі сандық бейне / дыбыс сигналын шығарады, сондықтан дыбыс кабелін жалғаудың қажеті жоқ.

Өнім теледидарға HDMI 720p, 1080i, 1080p шығыс режимінде жалғанған болса, жоғары жылдамдықты(2-категория) HDMI кабелін пайдалану қажет.

HDMI интерфейсі теледидарға тек таза сандық сигнал шығарады.

Егер теледидар HDCP (Кең жолақты сандық мазмұнның қорғауы) технологиясын қолдамаса, экранда кездейсоқ шу пайда болады.

Теледидар түріне қарай, кейбір HDMI шығыс ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі мүмкін. Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

HDMI кабелі арқылы өнімді теледидарға алғаш рет немесе жаңа теледидарға жалғағанда HDMI шығыс ажыратымдылығы автоматты түрде теледидар қолдайтын ең жоғары деңгейге орнатылады.

20 Қазақша