Samsung CP1395STR/BWT manual Микротолқынды пешті тазалау, 05 Тазалау Және Күтім Көрсету

Models: CP1395STR/BWT

1 192
Download 192 pages 46.63 Kb
Page 187
Image 187

6.Есікті ашыңыз.

7.Пештің ішін құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

Бұрылмалы табақты, бағыттағыш науаны алып, тордың астын ас үй қағазымен тазалаңыз.

• Су сауытын "Бумен тазалау" режимі кезінде ғана қолдануға болады.

Сұйық емес заттарды пісірген кезде су сауытын алыңыз, себебі микротолқынды пешке нұқсан келтіріп, өрт шығаруы мүмкін.

Микротолқынды пешті тазалау

Май немесе тағам қалдықтары жиналып қалмас үшін пешті мезгіл- мезгіл тазалаңыз, әсіресе ішкі және сыртқы бетін, есігі мен есігінің тығыздағыштарын тазалаңыз.

1.Пештің сыртын дымқыл шүберек пен жылы сумен тазалаңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

2.Пештің ішінде тұрып қалған шашыранды мен дақтарды сабынды суға батырылған шүберекпен тазалаңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

3.Қатып қалған тағам қалдықтарын жұмсартып, жағымсыз иісті кетіру үшін бір кесе сұйылтылған лимон шырынын бос тұрған пештің табанына қойыңыз да, қуатты ең үлкен мәнге қойып он минут қыздырыңыз.

4.Пештің ішін жуыңыз.

Маңызды

Саңылауларға су КІРІП КЕТПЕС үшін ерекше сақ болыңыз.

Жеміргіш заттар немесе химиялық еріткіштерді ЕШҚАШАН қолданбаңыз.

Есіктің тығыздағыштарына қоқыс жиналып, дұрыс жабылмай қалмас үшін, есік тығыздағыштарының ӘРҚАШАН таза болуын қамтамасыз етіңіз.

05 ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ

тазалау және күтім көрсету _59

CP1395STR_BWT_DE68-04033A-05_KK.indb 59

19-Jun-14 12:42:43 PM

Page 187
Image 187
Samsung CP1395STR/BWT manual Микротолқынды пешті тазалау, 05 Тазалау Және Күтім Көрсету