ЕСКЕРТУ ҚОЛДАНУ БАРЫСЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Бұл құрылғы тек үйде тағам пісіруге және қуыруға арналған. Бұл құрылғы коммерциялық мақсатта немесе өнеркәсіпте қолдануға арналмаған.

Пештің үстін ешқашан бөлме жылыту үшін қолданбаңыз.

Пеш үстінің жанында орналасқан розеткаларға электр құрылғыларын жалғаған кезде абай болыңыз. Электр сымдары пеш үстіне тиіп тұрмауға тиіс.

Қатты қызған тоңмай және өсімдік майы тез от алып кетуі мүмкін. Тоңмай немесе өсімдік майын қолданып тағам пісіргенде, мысалы фри тағамын қуырғанда, пештің үстін қараусыз қалдырмаңыз.

Қолданып болғаннан кейін пісіру алаңдарын сөндіріңіз. Басқару панельдерін әрқашан таза, әрі құрғақ ұстаңыз.

Пештің үстіне ешқашан тұтанғыш зат қоймаңыз. Өрт шығуы мүмкін.

Пештің үстін алюминий фольганы, алюминий фольгаға оралған тағамды немесе алюминий ыдысқа салынған мұздатылған тағамды ысыту үшін қолданбаңыз.

Құрылғыны байқап қолданбасаңыз, күйіп қалуыңыз мүмкін.

Электр құрылғыларының сымдарын, пештің қызып тұрған үстіне немесе ыстық ыдыстарға тигізбеу керек.

Пештің үстін киім кептіру үшін қолданбаңыз.

Аэрозоль және жуғыш зат тәрізді заттарды, пештің астындағы суырма немесе шкафтарға салып сақтауға болмайды.

ЕСКЕРТУ : Кардиостимуляторы және жүрек имплантанттары бар адамдар, индукциялық пісіру алаңдары іске қосылып тұрған кезде, денесінің жоғарғы бөлігін кем дегенде 30см жоғары ұстау керек. Егер күмәндансаңыз, құрылғыны өндірушіге немесе өз дәрігеріңізге хабарласыңыз.

ЕСКЕРТУ ТАЗАЛАУ БАРЫСЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тазалардың алдында құрылғыны әрқашан сөндіріңіз.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында құрылғыны ешқашан бу құрылғысымен немесе жоғары қысым құрылғысымен тазаламаңыз.

Пештің үстін осы нұсқаулықта көрсетілген тазалау және күтім көрсету нұсқауларына сай тазалаңыз.

Казақ - 6

CTN464NC01_BWT_DG68-00345A-07_KK.indd 6

2014-07-11 ￿￿ 10:55:42

Page 78
Image 78
Samsung CTN464KC01/BWT manual Ескерту Қолдану Барысындағы Сақтық Шаралары, Ескерту Тазалау Барысындағы Сақтық Шаралары