ҚҰРАЛАС БӨЛШЕКТЕРІ

Индукция пеші

Орнату қапсырмалары

Бұрандалар

ИНДУКЦИЯМЕН ҚЫЗДЫРУ

Индукциямен қыздыру принципі: Ыдысты пісіру алаңына қойып, пісіру алаңын іске қосқанда, индукциялық пештегі электронды тұйықтар, ыдыстың табанында ''индукция тоғының'' пайда болуына себеп болады да, ыдыстың температурасы жылдам көтеріледі.

Өте жылдам пісіреді және қуырады: Шыны емес ыдыстың өзі тура қызатындықтан, ешбір қызу босқа шығындалмайды, сондықтан-да, басқа жүйелермен салыстырғанда тиімділігі жоғары. Ыдыс сіңіретін қуаттың көпшілігі қызуға айналады.

Индукция тоғы

Индукция білікшесі

Электронды тұйықтар

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Керамика пісіру алаңдары: Құрылғының керамика пісіру беті және төрт жылдам пісіру алаңдары бар.

Сенсорлық түймешіктер: Құрылғыңыз сенсорлық түймешіктердің көмегімен басқарылады.

Оңай тазалау: Керамика пісіру алаңы мен басқару түймешіктерінің бір артықшылығы, оларға оңай қол жеткізіп тазалауға болатындығында. Майда, біртегіс бетті тазалау оңай.

On/Off (Қосу/Сөндіру) түймешігі: “On/Off” (Қосу/Сөндіру) сенсор түймешігі, құрылғыны желіден ағытудың қосымша құралы болып табылады. Осы түймешікті басқан кезде, қуат мүлдем ажырайды немесе толық қосылады.

Басқару және функция индикаторлары: Сандық бейнебеттер мен индикаторлар, параметрлер және іске қосылған функциялар туралы ақпарат береді, сондай-ақ әр түрлі пісіру алаңында қалдық қызу бар-жоғын көрсетеді.

Казақ - 19

05 БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

CTN464NC01_BWT_DG68-00345A-07_KK.indd 19

2014-07-11 ￿￿ 10:55:44

Page 91
Image 91
Samsung CTN464NC01/BWT, CTN464KC01/BWT manual Құралас Бөлшектері, Индукциямен Қыздыру, Құрылғының Негізгі Функциялары