ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА ЕСТІЛЕТІН ШУЫЛ

Егер келесі шуылдарды естісеңіз:

Сырт-сырт еткен дыбыс: ыдыс басқа материалдардан жасалған.

Ысқырған дыбыс: екіден артық пісіру алаңы қолданылуда және басқа материалдан жасалған ыдыс пайдаланылуда.

Ызыңдаған дыбыс: жоғары деңгейдегі қуат қолданылуда.

Тырс-тырс еткен дыбыс: электр қуаты қосылуда.

Ысылдаған, ызыңдаған дыбыс: салқындатқыш жұмыс істеп тұр.

Бұндай шуылдар қалыпты болып есептеледі және ешбір ақаулықты білдірмейді.

ЖАРАМДЫ ЫДЫС-АЯҚ

Ыдыс жақсы болса, пісіру нәтижесі де жақсы болады.

Жақсы ыдысты табанына қарап ажыратуға болады. Ыдыстың табаны барынша қалың, әрі барынша тегіс болуы керек.

Жаңа ыдыс сатып аларда, олардың табанының диаметріне ерекше назар аударыңыз. Әдетте өндіруші тек ыдыстың ернеуінің диаметрін ғана көрсетеді.

Табанына нұқсан келген немесе табанының жиектері кедір-бұдыр ыдыстарды қолданбаңыз. Бұндай ыдыстарды пеш үстіне қойып сырғытса, оған кетпейтін сызат түсуі мүмкін.

Әдетте, суық ыдыстардың табаны сәл ішке кіріп (ойыс) тұруы мүмкін. Оларды ешқашан сыртқа (дөңес) шығармау керек.

Егер арнайы ыдыс түрін қолданғыңыз келсе, мысалы бу кәстрөлін, баяу қайнататын ыдысты немесе қазанды қолдансаңыз, өндіруші нұсқауларын орындаңыз.

Қуатты үнемдеу туралы кеңес

Төмендегі нұсқауларды орындау арқылы қуатты үнемдей аласыз.

Пісіру алаңдарын әрқашан кәстрөлдер мен табаны қойғаннан кейін іске қосыңыз.

Қоқыс тұрып қалған пісіру

 

Дұрыс!

алаңдары мен ыдыстың табаны,

 

көп қуат шығыңдайды.

 

Мүмкін болса, кәстрөлдер

мен ыдыстардың қақпақтарын

 

нығыздап жабыңыз.

Теріс!

Тағамды қалдық қызу көмегімен жылы ұстау немесе жібіту үшін, пісіру алаңдарын пісіру уақыты аяқталардан бұрын сөндіріңіз.

07 ПЕШТІҢ ҮСТІН ҚОЛДАНУ

Казақ - 23

CTN464NC01_BWT_DG68-00345A-07_KK.indd 23

2014-07-11 ￿￿ 10:55:46

Page 95
Image 95
Samsung CTN464NC01/BWT, CTN464KC01/BWT manual Жұмыс Барысында Естілетін Шуыл, Жарамды ЫДЫС-АЯҚ