•Құрылғыларға қосылу мүмкін болуы үшін екінші құрылғының экранының құлпы ашылуы керек.
•Алдымен Bluetooth динамигі және кез келген басқа құрылғы арасындағы Bluetooth қосылымын аяқтаңыз. NFC мүмкіндігі екінші құрылғы динамикке қосулы кезде қол жетімді емес.
Bluetooth байланысын ажырату
Bluetooth қосылымын Bluetooth динамигін өшіру немесе қосылған құрылғыдағы Bluetooth мүмкіндігін өшіру арқылы аяқтауға болады. Я болмаса, Bluetooth қосылымын аяқтау үшін құрылғылардың NFC антенналарын бір біріне жақын қойыңыз.
Аудио кабельді пайдаланып жалғау
Bluetooth динамигіне смартфон сияқты басқа медиа құрылғыларды жалғау үшін аудио кабельді пайдалануға болады.
Аудионы ойнату Bluetooth және аудио кабель қосылымдарынан бір уақытта қол жетімді болмайды. Егер динамик аудионы Bluetooth арқылы ойнатып жатса, аудио кабельді пайдаланатын құрылғыны жалғау алдында Bluetooth қосылымын аяқтаңыз немесе ойнатуды тоқтатыңыз.
50