Батареяның ең жоғарғы жарамдылығына көз жеткізіңіз

Құрылғыны бір аптадан астам зарядтамаңыз, себебі шамадан тыс қызу батарея қызметі уақытын азайтуы мүмкін.

Кейде пайдаланылмаған құрылғы заряды таусылса, оны пайдалану алдында зарядтау керек.

Пайдаланбаған кезде зарядтағышты құрылғыдан ажыратыңыз.

Батареяларды пайдаланусыз қалдыру уақыт өте келе олардың қызмет көрсету мерзімін және өнімділігін төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ, батареялар дұрыс жұмыс істемеуі немесе жарылуы я болмаса өрт туындатуы мүмкін.

Құрылғының және батареяның ең ұзақ қызмет көрсету мерзімін қамтамасыз ету үшін осы нұсқаулықтағы бүкіл нұсқауларды орындаңыз. Ескертулер мен нұсқауларды орындамау тудырған зақымдар немесе нашар өнімділік өндіруші кепілдігінің күшін жоюы мүмкін.

Құрылғы уақыт өте келе тозады. Кейбір бөлшектер және жөндеу жарамдылық кезеңінде кепілдікпен қамтылады, бірақ бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану тудырған зақымдар немесе нашарлау қамтылмайды.

Құрылғыны тазалағанда мыналарды ескеріңіз

Құрылғыны немесе зарядтағышты сүлгімен сүртіңіз.

Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз. Бұлай істеу құрылғы сыртының түссізденуіне немесе тот басуына әкелуі мүмкін я болмаса ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.

Қазақ тілі

55

Page 55
Image 55
Samsung EO-SG900DLEGWW, EO-SG900DSEGWW, EO-SG900DREGWW, EO-SG900DBEGWW Батареяның ең жоғарғы жарамдылығына көз жеткізіңіз