Дыбыс ойнату

Жалғанған құрылғыдағы аудионы ойнатыңыз.

Дыбыс деңгейін реттеу үшін Дыбыс деңгейі (+) түймесін немесе Дыбыс деңгейі (-) түймесін басыңыз.

Динамиктің дыбыс деңгейі ең жоғарғы мәнге жеткен кезде ескерту сигналы естіледі. Динамиктің дыбыс деңгейі ең жоғары мәнге орнатылғанда дыбыс жеткілікті қатты болмаса, жалғанған құрылғының дыбыс деңгейін реттеңіз.

Ойнатуды кідірту немесе жалғастыру үшін Ойнату/тоқтату түймесін басыңыз.

Келесі файлға өту үшін Ойнату/тоқтату түймесін екі рет басыңыз.

Кейбір құрылғылар сізге тек дыбыс деңгейін басқаруға мүмкіндік береді.

Bluetooth динамигі тек аудио кабель қосылымы бар құрылғылардағы дыбыс деңгейін басқара алады.

Қоңырау қабылдау

Жалғанған құрылғыда кіріс қоңырау бар болса, Ойнату/ тоқтату түймесін басу арқылы жауап беруге болады.

Ағымдағы қоңырауды аяқтау үшін Ойнату/тоқтату түймесін басыңыз.

Қоңырауды қабылдамау үшін Ойнату/тоқтату түймесін басып тұрыңыз.

Дыбыс деңгейін реттеу үшін Дыбыс деңгейі (+) түймесін немесе Дыбыс деңгейі (-) түймесін басыңыз.

Қоңырауды кідірту немесе жалғастыру үшін Ойнату/ тоқтату түймесін басып тұрыңыз.

Қоңырау кезінде басқа қоңырау келсе, Ойнату/тоқтату түймесі жыпылықтайды.

Ағымдағы қоңырауды аяқтап, кіріс қоңырауға жауап беру үшін Ойнату/тоқтату түймесін басыңыз.

52

Page 52
Image 52
Samsung EO-SG900DSEGWW, EO-SG900DREGWW, EO-SG900DBEGWW, EO-SG900DLEGWW, EO-SG900DSEDWW, EO-SG900DREDWW manual Дыбыс ойнату