орнату

КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ

Құрылғының қандай үлгісін таңдап алғаныңызға қарай, онымен бірге әр түрлі жолмен қолдануға болатын бірнеше керек-жарақ жеткізіледі.

1. Айналмалы шығырық, пеш табанының ортасына қойылады.

Мақсаты : Айналмалы шығырық бұрылмалы табақты ұстап тұрады.

2.Бұрылмалы табақ, айналмалы шығырықтың ортасындағы тетік арқылы жалғастырғышқа қойылады.

Мақсаты : Бұрылмалы табақ тамақ пісіретін негізгі орын болып табылады: оны тазалау үшін оңай алуға болады.

3.Гриль тор, бұрылмалы табақтың үстіне қойылады.

Мақсаты : Металл торды гриль және аралас режим арқылы пісіру үшін қолдануға болады.

4.Жұқа табақ, 18-19-ші бетті қараңыз.

Мақсаты : Жұқа табақты тағамды автоматты түрде қытырлақ етіп немесе қолдан қытырлақ етіп пісіру үшін қолданыңыз.

5. Тазалауға арналған су шарасы, 17-ші бетті

қараңыз.

Мақсаты : Тазалау үшін су шарасын қолдануға болады.

Микротолқынды пешті айналмалы шығырық пен бұрылмалы

табақсыз ІСКЕ ҚОСПАҢЫЗ.

МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ОРНАТУ

1.Пештің ішіндегі орам материалдарының барлығын алыңыз. Айналмалы шығырық пен

бұрылмалы табақты орнатыңыз. Бұрылмалы табақтың еркін айнала алатындығына көз жеткізіңіз.

2. Микротолқынды пешті оның ашасына қол жететіндей етіп орнату керек.

Қорек сымына зақым келсе, оның орнына арнайы сым немесе жинақты, өндіруші немесе дилерден алып салу керек.

Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін қорек сымын 3-істікшелі, 230 В, 50Гц, жерге қосылған АТ розеткасына жалғау керек. Құрылғының қорек сымына зақым келсе, орнына арнайы сым ғана салынуға тиіс.

Микротолқынды пешті кәдімгі пештің немесе радиатордың қасы тәрізді ыстық немесе ылғалды жерге қоймаңыз. Пешті қуат көзіне қосуға байланысты параметрлерін орындау керек, ұзартқыш сым қолданылса, ол да пеш сымының стандартына сай келу керек. Микротолқынды пешті ең алғаш іске қоспас бұрын, пештің іші мен тығыздағышын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

Казақ - 12

FG77SSTR_BWT_DE68-04136B-07_RU+UK+KK.indb 12

2017-12-11 ￿￿ 12:19:36

Page 76
Image 76
Samsung FG77SSTR/BWT Керек-Жарақтары, Микротолқынды Пешті Орнату, Айналмалы шығырық, пеш табанының ортасына қойылады