МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ОРНАТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Бұл құрылғы ЕО стандарттарына сай келеді. Орам материалдары мен құрылғыны тастау. Құрылғының орам материалын қайта өңдеуге болады. Келесі материалды қолдануға болады:

●●картон;

●●полиэтилен таспа (PE);

●●Фреонсыз полистирол (қатты полистирол көбік). Осы материалдарды жергілікті заңнамаға сай тиісінше тастау керек.

Қолданыстан шыққан тұрмыстық құрылғыларды дұрыс тастау туралы ақпаратты әкімшілік мекеме бере алады.

Қауіпсіздік

Бұл құрылғыны тек білікті техник маман ғана қосуға тиіс. Бұл тұрмыста қолдануға арналған микротолқынды пеш. Бұл пешті тек тағам пісіру үшін ғана қолдану керек.

Құрылғы іске қолданылып тұрғанда және қолданып болғаннан кейін ыстық болып тұрады. Жас балалар құрылғыға жақындаса, мына ескертулерді есте ұстаңыз.

Кәдімгі тұмшапештің қасына жақын орнату.

●●Егер микротолқынды пешті кәдімгі тұмшапештің қасына орнату керек болса, қатты қызы кетпес үшін осы пештердің арасында ауа айналуға жеткілікті орын болуға тиіс, себебі температура өте жоғары болса, пештің сырттары майысып қалуы мүмкін. Сондай-ақ, кәдімгі тұмшапешті өндірушінің құрылғыны орнату нұсқауларын міндетті түрде орындау керек.

●● Кіріктіріліп орнатылатын микротолқынды пешті кәдімгі тұмшапештің үстіне орнату керек, себебі микротолқынды пештің желдету жүйесіне кәдімгі тұмшапештен бөлінетін ыстық ауа кері әсері етуі мүмкін.

Электр қосылымы

Құрылғы жалғанып тұрған үй желісі мемлекеттік және жергілікті ережелерге сай келуі керек. Егер тұрақты қосылымды жүзеге асыру қажет болса, желіге контакттарының арасы кем дегенде 3 мм көп полюсті ажыратқыш орнатылуға тиіс.

нұсқаул 01қауіпсіздік

Казақ - 5

FG77SSTR_BWT_DE68-04136B-07_RU+UK+KK.indb 5

2017-12-11 ￿￿ 12:19:35

Page 69
Image 69
Samsung FG77SSTR/BWT manual Картон Полиэтилен таспа PE, Кәдімгі тұмшапештің қасына жақын орнату