Samsung HW-F850/RU manual Bluetooth құрылғыларына

Models: HW-F850/RU

1 81
Download 81 pages 55.51 Kb
Page 43
Image 43

функциялар

NFC

Bluetooth арқылы NFC сыйысымды құрылғысын қарапайым орнатылатын іс рəсімін қолданып Air Track мүмкіндігіне қосыңыз жəне Air Track арқылы құрылғыда музыка ойнатыңыз.

Bluetooth құрылғыларына

1.Құрылғыда NFC қызметін қосып, құрылғыдағы экранды құлыптау функциясының өшірулі екенін тексеріңіз. Экранды құлыптау қосулы болса, NFC функциясы жұмыс істемейді.

2.NFC қолдау көрсететін құрылғысымен Air Track құрылғысының алдындағы NFC логотибіне жайлап тигізіңіз.

3.Құрылғыда "Bluetooth қосылымымен жалғастырылсын ба?" деп сұрайтын қалқыма терезе пайда болады. <Yes (Иə)> жауабын таңдаңыз.

Қосылым аяқталғанда, "қосылды" харабы көрсетіледі.

4.NFC құрылғысын ажырату үшін Air Track құрылғысының алдындағы NFC логотибіне қайтадан жайлап тигізіңіз. Алғашқы құрылғы əлі де қосулы кезде басқа NFC құрылғысын қосу үшін, құрылғыны Air Track құрылғысының алдындағы NFC логотибіне жайлап тигізіңіз. Air Track алғашқы құрылғыны ажыратады жəне екінші құрылғыны қосады.

Ескерту: Егер NFC құрылғысын Air track құрылғысына дұрыс қоймасаңыз, NFC жұптау сəтті болмауы мүмкін. Мобильді құрылғыда "Empty tag (Бос тег)" қате туралы хабарын көрсеңіз, NFC құрылғысын Air Track құрылғысына қайтадан жайлап тигізу қажет жəне мобильді құрылғыдағы NFC орнын Air Track құрылғысындағы NFC логотибіне дəл тигеніне көз жеткізіңіз.

NFC функциясы Android OS 4.1.2 Jellybean немесе кейінірек амалдық жүйені іске қосатын Android құрылғыларында кірістірілген.

-Мобильді құрылғыда Android OS 4.1.2 Jellybean немесе одан кейінгі нұсқасы болса, онда NFC функциясын іске қосатын NFC тегі болуы да тиіс. Толығырақ құрылғы нұсқауларынан қараңыз.

-Құрылғыңызда Android OS 4.1.2 Jellybean операциялық жүйесінен ертерек Android операциялық жүйесі болса, құрылғыда NFC тегі болуы тиіс жəне NFC функциясын іске қосу үшін Android market торабынан "Samsung NFC Connection" бағдарламасын жүктеп алу қажет.

Құрылғылардағы NFC антеннасының қалпы əр түрлі болады. NFC антеннасының орналасқан жерін қоспас бұрын, тексеріңіз.

Егер құрылғы қалың затпен жабылса, байланыс сəтті болмауы мүмкін.

N-белгісі NFC Forum, Inc. компаниясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі болып табылады.

16

Page 43
Image 43
Samsung HW-F850/RU manual Bluetooth құрылғыларына