BLUETOOTH

Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын пайдалануға болады!

Bluetooth дегеніміз не?

Bluetooth — Bluetooth-үйлесімді құрылғыларға бір бірімен қысқа сымсыз қосылымды пайдаланып оңай қосылуға мүмкіндік беретін технология.

Bluetooth құрылғысы мынадай жағдайда қолданысқа байланысты шуды немесе дұрыс жұмыс істемеуді тудыруы мүмкін:

-Егер дене бөлігі Bluetooth құрылғысының немесе Air Track құралының қабылдау/тасымалдау жүйесімен байланыста болғанда.

-Қабырға, бұрыш немесе кеңсе бөлгіштері арқылы туындаған кедергілерден электрлік өзгеріске байланысты болады.

-Медициналық құралды, микротолқынды пешті жəне сымсыз жергілікті желіні қоса бірдей жиілік диапазонындағы құрылғылардан болған электрлік жиілікке əлсіз болады.

Air Track құралын жақын қашықтықты сақтай отырып Bluetooth құрылғысымен жұптастырыңыз.

Air Track құралы мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық алыстаған сайын сапа нашарлайды. Егер қашықтық Bluetooth жұмыс ауқымынан асса, қосылым жоғалады.

Нашар қабылдау сезімталдығы аймақтарында Bluetooth қосылымы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Bluetooth байланысы тек құрылғыға жақын болған кезде істейді. Егер қашықтық осы ауқымнан тыс болса, қосылым автоматты түрде қиылады. Осы ауқым ішінде болғанда да, дыбыс сапасы қабырғалар немесе есіктер сияқты кедергілер арқылы төмендеуі мүмкін.

Бұл сымсыз құрылғы жұмыс істеу кезінде электрлік кедергілерді тудыруы мүмкін.

Air Track құралын Bluetooth құрылғысына қосу

Bluetooth құрылғысы Bluetooth-үйлесімді стерео құлақаспап функциясын қолдайтындығын тексеріңіз.

Қосу

Bluetooth құрылғыларына

1.BT хабарын көрсету үшін, Air Track құралының қашықтан басқару құралындағы BT түймесін басыңыз.

WAIT (КҮТУ) хабары қуатты қосқаннан кейін Bluetooth қызметін ең бірінші рет белсендіргенде пайда болады. Келесі белсендіргеннен бастап BT READY (BT ДАЙЫН) хабары пайда болады.

2.Қосылу қажет Bluetooth құрылғысында Bluetooth мəзірін таңдаңыз. (Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз)

3.Bluetooth құрылғысында Stereo headset (Стерео құлақаспап) мəзірін таңдаңыз.

Сканерленген құрылғылар тізімін көресіз.

4.Тізімнен "[Samsung] AirTrack" тармағын таңдаңыз.

Bluetooth құрылғысына Air Track қосылған болса, ол алдыңғы дисплейде BT CONNECTED BT

хабарын көрсетеді.

Егер Bluetooth құрылғысы Air Track құралымен жұпталмаса, Bluetooth құрылғысы тапқан алдыңғы "[Samsung] AirTrack" құрылғысын жойыңыз да, Air Track құралын қайтадан іздетіңіз.

5.Қосылған құрылғыда музыканы ойнатпаңыз.

Қосылған Bluetooth құрылғысында ойнап жатқан музыканы Crystal Surround Air Track жүйесінен тыңдай аласыз.

BT режимінде, Play/Repeat/Stop/Next/Prev (Ойнату/Қайталау/Тоқтату/Келесі/Алдыңғы) функциялары қол жетімді емес.

KAZ

ФУНКЦИЯЛАР

17

Page 44
Image 44
Samsung HW-F850/RU manual Bluetooth дегеніміз не?, Air Track құралын Bluetooth құрылғысына қосу