SOUNDSHARE

Бұл бөлімде Crystal Surround Air Track жүйесін Bluetooth қызметімен үйлесімді SAMSUNG теледидарларына қосу жолы түсіндіріледі.

Crystal Surround Air Track жүйесін Bluetooth үйлесімді Samsung теледидарына жалғау

KAZ

Қосу

TV (Теледидар) режимін таңдау үшін Air Track жүйесінің алдыңғы панеліндегі ( ) түймесін немесе қашықтан басқару құралында Sound Share (Дыбысты бөлісу) түймесін басыңыз, одан кейін теледидарды Crystal Surround Air Track жүйесіне қосыңыз.

Теледидарға қосулы кезде құрылғы теледидар дыбысын ойнатады.

Теледидардың SoundShare режимінен басқа режимге өзгертсеңіз немесе Air Track жүйесін өшірсеңіз, теледидар дыбысын қайтадан естисіз.

<Теледидармен жұптау>

Air Track жүйесінде Bluetooth байланысы арқылы теледидар дыбысын шығару үшін алдымен жүйені Bluetooth үйлесімді теледидармен жұптау қажет. Жұптау орнатылғаннан кейін жұптау туралы ақпарат жазылып, сақталады жəне келесі ретте ешбір қосымша Bluetooth байланысы туралы ақпарат пайда болмайды. Жұптамастан бұрын, Air Track жүйесі мен теледидарды бірге жақын қойыңыз.

1.Samsung теледидарын жəне Air Track жүйесін қосыңыз.

Теледидардың SoundShare Setting (SoundShare параметрі) мəзірінің Add New Device (Жаңа құрылғы қосу) тармағын On (Қосу) мəніне орнатыңыз.

2.Air Track режимін TV деп өзгерткенде, Bluetooth арқылы жұптауды жалғастыру керектігі туралы сұрайтын хабар пайда болады. Теледидардың экранында "[Samsung] AirTrack" хабары пайда болады.

3.Теледидар экранында <Yes (Иə)> жауабын таңдаңыз. Air Track құрылғысымен жұптастыру аяқталады.

Жұптау орнатылғаннан кейін, басқа кіріс көзінен Air Track жүйесін ТД режиміне өзгерткенде, ол теледидарға автоматты түрде қосылады.

Air Track жүйесін теледидар режимінен кез келген басқа режимге өзгерту SoundShare қосылымын үзеді.

SAT құрылғысында бұрыннан бар жұптауды тоқтатып, SAT құрылғысын басқа теледидармен жұптағыңыз келсе.

-Бар жұптауды болдырмау үшін теледидар кіріс режимінде SAT жүйесіндегі PLAY /PAUSE түймесін 5 секунд бойы басыңыз. Енді оны басқа теледидармен жұптауға болады.

SoundShare (Дыбысты бөлісу) режимінде теледидардың қашықтан басқару құралын да, SAT құрылғысының қашықтан басқару құралын да пайдаланып, дыбыс деңгейін басқаруға немесе дыбысты өшіруге болады.

ТД SoundShare функциясының жұмыс ауқымы

-ұсынылған жұптау ауқымы: 50 см ішінде

-ұсынылған жұмыс ауқымы: 5 м ішінде

Егер Air Track жүйесі мен Samsung теледидары арасындағы қашықтық 5 м-ден асса, қосылым немесе дыбыс өшуі мүмкін. Егер бұл орын алса, Bluetooth құрылғысын жұмыс ауқымында қайтадан қосыңыз.

Бұл функцияны пайдаланбай тұрып Samsung ТД SoundShare режимі қосулы екенін тексеріңіз.

PLAY (ОЙНАТУ), NEXT (КЕЛЕСІ), PREV (АЛДЫҢҒЫ), STOP (ТОҚТАТУ) түймелері SoundShare (Дыбысты бөлісу) режимінде жұмыс істемейді.

Bluetooth Standby On (Күту режимін қосу) функциясы

-Air Track мүмкіндігі теледидар мен Air Track мүмкіндігін SoundShare функциясымен қоссаңыз, теледидар қосылғанда автоматты түрде қосылады.

-Air Track өшірулі кезде алдыңғы панельде SoundShare түймесін басу арқылы осы функцияны қосуға/өшіруге болады. Бұл функцияны өшірсеңіз, өнім автоматты түрде өшеді, бірақ автоматты түрде қосылмайды.

-Бұл мүмкіндікті 2013 жылдан кейін шыққан теледидарлар қолдайды.

SoundShare мүмкіндігін 2012 жылдан кейін шыққан таңдаулы үлгілер қолдайды. Теледидар бұл функцияға қолдау көрсететіндігін тексеріңіз. (Қосымша ақпаратты теледидардың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз)

ФУНКЦИЯЛАР

19

Page 46
Image 46
Samsung HW-F850/RU manual Soundshare, Теледидармен жұптау