функциялар

Bluetooth құрылғысын Air Track құралына жалғағанда PIN кодты (құпия сөзді) енгізу сұралуы мүмкін. PIN код енгізу терезесі шыққанда <0000> санын енгізіңіз.

Air track тек сапасы орташа SBC деректерін (237кбит/сек@48кГц) қолдайды. Ол сапасы жоғары SBC деректерін (328кбит/сек@44.1кГц) қолдамайды.

AVRCP функциясын қолдамайды.

Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыңыз.

Тек HF (Бос қол) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыла алмайсыз.

Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын жұптауға болады.

Air Track құралын өшірген соң жəне жұптасу ажыратылғанда жұптасу автоматты түрде қалпына келтірілмейді. Қайта қосылу үшін құрылғыны қайтадан жұптастыру қажет.

Келесі жағдайларда Air Track тарапынан іздеу немесе қосылым дұрыс орындалмауы мүмкін:

-Air Track құралының айналасында қатты электрикалық өріс болса.

-Бірнеше Bluetooth құрылғысы Air Track құралымен бір уақытта жұпталса.

-Bluetooth құрылғысы кенеттен өшсе немесе дұрыс жұмыс істемесе.

-Микротолқынды пештер, сымсыз жергілікті желі адаптерлері, люминесценттік жарықтар жəне газ плиталары сияқты құрылғылар Bluetooth құрылғысы сияқты бірдей жиілік диапазонын пайдаланатынын ескеріңіз, ол электр кедергісін тудыруы мүмкін.

Bluetooth құрылғысын Air Track құралынан ажырату үшін

Bluetooth құрылғысын Air Track құралынан ажырата аласыз. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Air Track құралы ажыратылады.

Air Track Bluetooth құрылғысынан ажыратылғанда, Air Track алдыңғы дисплейде BT DISCONNECTED хабарын көрсетеді.

Air Track құралын Bluetooth құрылғысынан ажырату үшін

BT режимінен басқа режимге ауысу немесе Air Track құралын өшіру үшін, Air Track құралының алдыңғы панеліндегі ( ) түймесін басыңыз.

Қосылған Bluetooth құрылғысы қосылымды тоқтатпастан бұрын Air Track құралынан жауапты белгілі бір уақыт күтеді.

(Bluetooth құрылғысына байланысты ажырату уақыты əртүрлі болуы мүмкін)

Ағымдағы қосылған құрылғы ажыратылады.

Bluetooth байланысы режимінде Air Track пен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық (5 метр) артса, Bluetooth байланысы жоғалады.

Bluetooth құрылғысы тиімді ауқымнан тыс болса жəне ажыратудан кейін қайтадан қосылса, Bluetooth құрылғысымен жұптауды қалпына келтіру үшін Air Track құралын қайта іске қоса аласыз.

Дайын күйінде 20 минут тұрғаннан кейін Air Track құралы автоматты түрде өшеді.

18

Page 45
Image 45
Samsung HW-F850/RU manual Bluetooth құрылғысын Air Track құралынан ажырату үшін