ФУНКЦИЯЛАР

BLUETOOTH

Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын Soundbar жүйесіне қосуға болады!

++Soundbar құралын Bluetooth құрылғысына қосу

Bluetooth құрылғысы Bluetooth-үйлесімді стерео құлақаспап функциясын қолдайтындығын тексеріңіз.

KAZ

1.BT режимін таңдау үшін, негізгі құрылғының

үстіңгі панеліндегі ( ) түймесін немесе

қашықтан басқару құралындағы (SOURCE) түймесін басыңыз.

Soundbar жүйесінің алдыңғы дисплейінде BT READY хабарын көресіз.

2.Қосылу қажет Bluetooth құрылғысында Bluetooth мәзірін таңдаңыз. (Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз)

3.Bluetooth құрылғысында Stereo headset (Стерео құлақаспап) мәзірін таңдаңыз.

Сканерленген құрылғылар тізімін көресіз.

4.Тізімнен "[Samsung] Soundbar J-Series"

тармағын таңдаңыз.

Soundbar жүйесі Bluetooth құрылғысына жалғанған кезде алдыңғы дисплейде

[Bluetooth құрылғы атауы] BT көрсетілуі мүмкін.

Құрылғы атауы ағылшынша ғана көрсетіледі. Атау ағылшын тілінде болмаса, асты сызылып көрсетіледі " _ ".

Егер Bluetooth құрылғысы Soundbar

құралымен жұпталмаса, Bluetooth құрылғысы тапқан алдыңғы "[Samsung] Soundbar J-Series" құрылғысын жойыңыз да, Soundbar құралын қайтадан іздетіңіз.

5.Қосылған құрылғыда музыканы ойнатпаңыз.

Қосылған Bluetooth құрылғысында ойнап жатқан музыканы Soundbar жүйесінен тыңдай аласыз.

BT режимінде Play (Ойнату)/Pause (Кідірту)/ Next (Келесі)/Prev (Алдыңғы) функцияларын қолдану мүмкін емес. Алайда, бұл функциялар AVRCP қолдайтын Bluetooth құрылғыларында қолжетімді.

Қосу

Bluetooth құрылғыларына

Bluetooth құрылғысына қосылу кезінде PIN кодын енгізу сұралса, <0000> санын енгізіңіз.

Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын жұптауға болады.

Soundbar өшірілген кезде Bluetooth байланысы тоқтатылады.

Келесі жағдайларда Soundbar жүйесі Bluetooth құрылғысының іздеуін не қосылуын дұрыс орындамауы мүмкін: --Soundbar құралының айналасында

қатты электрикалық өріс болса.

--Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құралымен бір уақытта жұпталса.

--Bluetooth құрылғысы кенеттен өшсе немесе дұрыс жұмыс істемесе.

Микротолқынды пештер, сымсыз жергілікті желі адаптерлері, люминесценттік жарықтар және газ плиталары сияқты құрылғылар Bluetooth құрылғысы сияқты бірдей жиілік диапазонын пайдаланатынын ескеріңіз, ол электр кедергісін тудыруы

мүмкін.

Soundbar SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды.

Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыңыз.

Тек HF (Хэндсфри) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына Soundbar жүйесін қосу мүмкін емес.

HW-J470 құрылғысы құрылғымен жұптасқаннан кейін Soundbar құралы D. IN, AUX, HDMI немесе USB режимінде болса және Bluetooth құрылғысының тізімінен «[Samsung] Soundbar J-Series» параметрін таңдасаңыз, HW-J470 құрылғысы BT режиміне автоматты түрде өзгереді.

19