ОРНАТУ

1.Wall Mount L ұстағышын жоғарыда көрсетілгендей қажетті қабырға бетіне еденге параллель етіп орналастырыңыз. Бұранда саңылауларының орындарын қабырғаға белгілеп алыңыз. Белгіленген жерлерде бұрандалар үшін бұрғымен саңылаулар тесіңіз.

2.L (сол жақ) қабырға ұстағышын қабырғадағы бұранда саңылауларына туралап келтіріп, оң жақ шетіндегі саңылауға бір бұранда салып, бұраңыз. Бұранда қабырғаға нық бекігенше тартып бұраңыз.

3.Wall Mount R ұстағышын қажетті қабырға бетіне еденге параллель етіп орналастырып, Wall Mount L ұстағышын алдыңғы бетте көрсетілгендей туралаңыз. Бұранда саңылауларының орындарын қабырғаға белгілеп алыңыз. Белгіленген жерлерде бұрандалар үшін бұрғымен саңылаулар тесіңіз.

4.R (Оң жақ) қабырға ұстағышын қабырғадағы бұранда саңылауларына туралап келтіріп, оң жақ шетіндегі саңылауға бір бұранда салып, бұраңыз. Бұранда қабырғаға нық бекігенше тартып бұраңыз.

Егер қабырға ұстағыштарын теледидардың астына орнатсаңыз, міндетті түрде ұстағыштарды теледидардан 5 см немесе одан көбірек төмен орналастырыңыз және ұстағыштарды теледидардың ортасымен алдыңғы бетте көрсетілгендей туралаңыз.

5.Қалған саңылауларға бұрандалар салып, тартып бұраңыз.

KAZ

SOUNDBAR ҚҰРАЛЫН ҚАБЫРҒА ҰСТАҒЫШТАРЫНАН АЛУ

1.Soundbar жүйесін қабырға ұстағышынан ажыратып алу үшін, оны суретте көрсетілгендей етіп жоғары қарай көтеріңіз.

Soundbar жүйесін қабырға ұстағышынан ажыратып алу

Орнатылған құрылғының үстіне еш нәрсе ілмеңіз және оның соғылмауын немесе түсіп қалмауын қадағалаңыз.

Құрылғыны қабырғаға құламайтындай етіп мықтап бекітіңіз. Егер құрылғы құлап қалса, ол жарақатқа немесе өнімнің бұзылуына себеп болуы мүмкін.

Құрал қабырғаға орнатылып болған соң, баланың жалғанған кабельдерді тартпауын қадағалаңыз, бұл құрылғының құлап кету қаупін тудырады.

Қабырға ұстағышы оңтайлы қызмет атқаруы үшін, теледидар қабырғаға орнатылған болса, динамик жүйесін теледидардан 5 см төмен орнатыңыз.

Өнімді қабырғаға бекітпесеңіз, қауіпсіздік мақсатында оны құламайтын қауіпсіз әрі тегіс бетке қойыңыз.

13