ОРНАТУ

ҚАБЫРҒА КРОНШТЕЙНІН ОРНАТУ

Осы құрылғыны қабырға кронштейннің көмегімен қабырғаға ілуіңізге болады.

ОРНАТУДЫҢ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

●● Тек тік қабырғаға орнатыңыз.

●● Орнату үшін температурасы немесе ылғалдылығы жоғары жерде, не болмаса құрылғы салмағын көтере алмайтын қабырғаға орнатпаңыз.

●● Егер қабырға құрылғыны ұстап тұру үшін жеткілікті күшті болмаса. Қабырғаны қатайтыңыз немесе құрылғыны салмағын ұстап тұра алатын басқа қабырғаға орнатыңыз.

●● Сіздегі қабырғаның түріне (гипсокартон, темір тақта, ағаш, т.б.) жарайтын бекіту бұрандаларын немесе анкер болттарын сатып алып, пайдаланыңыз.

Мүмкін болса, бұрандаларды қабырға шегелеріне бекітіңіз.

●● Қабырғаға орнату бұрандаларын Soundbar жүйесі орнатылатын қабырғаның түрі мен қалыңдығына сай сатып алыңыз.

-- Диаметрі: M5

-- Ұзындығы: L 35 мм немесе одан үлкенірегі ұсынылады

●● Құрылғыны қабырғаға орнатпас бұрын оның кабельдерін сыртқы құрылғыға жалғаңыз.

●● Орнатпас бұрын құрылғының сөніп және ажыратылып тұрғанын тексеріңіз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.

5 см немесе көбірек

1.Орнату бағыттағышын қабырғаға жанастырып орналастырыңыз.

Орнату бағыттағышы тегіс болуы керек.

Теледидар қабырғаға орнатылса, теледидардан кемінде 5 см төмен орналастырыңыз.

2.Бұрандалар қабырға арқылы өтетін жерді белгілеп, орнату бағыттауышын алыңыз. Одан кейін бұрандалар үшін тиісті өлшемді бұрғы тісі салынған бұрғымен саңылаулар тесіңіз.

KAZ

11

Page 38
Image 38
Samsung HW-J470/RU manual Қабырға Кронштейнін Орнату, Орнатудың Сақтық Шаралары