ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ

МҮМКІНДІКТЕРІ

TV SoundConnect

TV SoundConnect мүмкіндігі Bluetooth байланысы арқылы Soundbar жүйесінде теледидар дыбысын шығарады және дыбысты басқарады.

HDMI

HDMI бір уақытта бейне және дыбыс сигналдарын тасымалдайды және айқынырақ сурет береді. Сондай-ақ, бұл құрылғы теледидар дыбысын HDMI кабелі арқылы Soundbar жүйесінен тыңдауға мүмкіндік беретін ARC функциясымен жабдықталған. Бұл функцияны өнім тек ARC үйлесімді теледидарға жалғанғанда қолдануға болады.

Сымсыз сабвуфер/SWA-7000S сымсыз модуль

Samsung компаниясы негізгі құрылғы мен сабвуфер/SWA-7000S құрылғысы арасындағы кабельдерді жойды. Оның орнына, сабвуфер/SWA-7000S құрылғысы негізгі құрылғымен байланыстыратын шағын сымсыз модуліне қосылады.

Көп функциялы қашықтан басқару құралы

Жинақпен берілген қашықтан басқару құралын түймені жай ғана басу арқылы әр түрлі операцияларды басқару үшін пайдалануға болады.

USB Host қолдауы

Soundbar's USB HOST функциясы арқылы MP3 ойнатқыш, USB флеш-жады, т.б. сыртқы USB сақтау құрылғыларын жалғап, музыка файлдарын ойнатуға болады.

Bluetooth функциясы

Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын Soundbar жүйесіне қосуға болады!

Samsung Audio Remote қолданбасын пайдалану

Өнімді Samsung Audio Remote қолданбасы арқылы смарт құрылғымен басқару үшін Samsung Audio Remote қолданбасын Google Play дүкенінен жүктеңіз.

ЛИЦЕНЗИЯ

Dolby Laboratories лицензиясы бойынша жасалған. "Dolby" жəне қос D таңбасы Dolby Laboratories компаниясының сауда белгілері болып тaбылады.

DTS патенттері үшін http://patents.dts.com сайтын қараңыз. DTS Licensing Limited лицензиясына сәйкес өндірілген. DTS, Таңба, сондай-ақ, DTS пен Таңба бірге — тіркелген сауда белгілері және DTS 2.0 Channel

DTS, Inc компаниясының сауда белгісі. © DTS, Inc. Барлық құқықтары қорғалған.

HDMI мен HDMI High-Defi nition Multimedia Interface жəне HDMI логотипі HDMI Licensing LLC компаниясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.

2

Page 29
Image 29
Samsung HW-J470/RU manual Мүмкіндіктері, TV SoundConnect