БАЙЛАНЫСТАР CONNECTIONS

Компоненттер арасындағы барлық қосылымдар аяқталмағанша, осы өнімнің немесе теледидардың қуат сымын қабырғадағы розеткаға қоспаңыз.

Осы өнімді жылжытпастан немесе орнатпастан бұрын қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.

САБВУФЕРДІ ЖӘНЕ SWA-7000S ҚҰРЫЛҒЫСЫН НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫҒА ҚОСУ

САБВУФЕРДІ ЖӘНЕ SWA-7000S ҚҰРЫЛҒЫСЫН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚОСУ

SWA-7000S сымсыз модулінің және сабвуферінің байланыстыратын идентификаторлары зауытта алдын ала орнатылған. Негізгі құрылғыны, сабвуферді және SWA-7000s құрылғысын қосқанда сабвуфер және SWA-7000S құрылғысы (сымсыз қосу) негізгі құрылғыға автоматты түрде байланысуы қажет.

Сабвуфер және SWA-7000S құрылғысы толық қосылғанда сабвуфердегі және SWA-7000S құрылғысындағы көк жарық диодты байланыс шамдары жыпылықтауын тоқтатады.

САБВУФЕРДІ ЖӘНЕ SWA-7000S ҚҰРЫЛҒЫСЫН ҚОЛМЕН ҚОСУ

Негізгі құрылғы, сабвуфер және SWA-7000S құрылғысы қосылғанда көк жарық диодты шамдар жыпылықтауын тоқтатпаса, төмендегі процедураны орындау арқылы байланыстыру идентификаторын қалпына келтіріңіз.

L R

SURROUND SPEAKERS OUT

SPEAKER IMPEDANCE : 3Ω

ID SET

1.Негізгі құрылғының, сабвуфердің және SWA-7000S құрылғысының қуат сымдарын айнымалы ток розеткасына қосыңыз.

2.Сабвуфер және SWA-7000S құрылғысының артқы жағындағы ID SET түймесін шағын, үшкір затпен 5 секунд басыңыз.

КҮТУ көрсеткіші өшеді және БАЙЛАНЫС көрсеткіші (Көк жарық диодты индикатор) баяу жыпылықтайды.

3.Негізгі құрылғы өшіп тұрған кезде (КҮТУ режимінде) қашықтан басқару құралындағы (Дыбысты өшіру) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.

4.Soundbar құралының дисплейінде ID SET хабары көрсетіледі.

5.Байланысты аяқтау үшін сабвуфердегі және SWA-7000S құрылғысындағы көк жарық диодты шамдар жыпылықтап тұрғанда негізгі құрылғының қуатын қосыңыз.

Негізгі құрылғы, сабвуфер және SWA-7000S құрылғысы байланысқан (қосылған) болуы тиіс.

Сабвуфер мен SWA-7000S құрылғысындағы Байланыс көрсеткіштері (Көк жарық диодты шамдар) үздіксіз жануы қажет. Олар жыпылықтамауы қажет.

Егер Байланыс көрсеткіші тұтас көк болмаса, байланыстыру процесі орындалмаған. Негізгі құрылғыны өшіріп, 2-қадамнан бастап қайта бастаңыз.

14

Page 41
Image 41
Samsung HW-J470/RU manual Сабвуферді Және SWA-7000S Құрылғысын Автоматты Түрде Қосу