БАЙЛАНЫСТАР

Өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын, қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.

Егер негізгі құрылғы өшірілсе, сымсыз сабвуфер күту режимінде болады және Link (Байланыс) көрсеткіші (Көк ЖШД) 30 секунд жыпылықтағаннан кейін жоғарғы жақтағы STANDBY LED (Күту ЖШД) қосылады.

Егер Soundbar жүйесінің жанында Soundbar жүйесімен бірдей жиілікті (2,4 ГГц/5 ГГц) пайдаланатын құрылғы қолдансаңыз, кедергіден дыбыс біраз жоғалуы мүмкін.

Негізгі құрылғы мен сабвуфер және негізгі құрылғы мен SWA-7000S құрылғысы арасындағы сымсыз сигналдың ең үлкен таратылу қашықтығы – шамамен 10 м, бірақ жұмыс істеу ортасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Негізгі құрылғы мен сымсыз сабвуфер немесе негізгі құрылғы мен SWA-7000S құрылғысы арасында темір бетоннан жасалған немесе металдан жасалған қабырға болса, жүйе мүлдем жұмыс істемеуі мүмкін, себебі радио толқындар металл арқылы өте алмайды.

Егер негізгі құрылғы сымсыз қосылымды жасай алмаса, негізгі құрылғы, сымсыз сабвуфер және SWA-7000S құрылғысы арасында қосылымды қайта орнату үшін алдыңғы беттегі 1-5 аралығындағы қадамдарды орындаңыз.

Сымсыз қабылдағыш антенна сымсыз сабвуферге және SWA-7000S құрылғысына орнатылған. Екі құрылғыны да су мен ылғалдан аулақ ұстаңыз.

Оңтайлы тыңдау өнімділігі үшін сымсыз сабвуфер және SWA-7000S құрылғысының айналасындағы аймақтарда ешбір кедергінің жоқ екенін тексеріңіз.

КӨЛЕМДІ ДИНАМИКТЕРДІ ҚОСУ

KAZ

LR

SURROUND SPEAKERS OUT

SPEAKER IMPEDANCE : 3Ω

ID SET

Көлемді динамик (L)

Көлемді динамик (R)

Сымсыз қабылдағыш

модуль

Бұл динамиктерді тыңдау орнының жанына орналастырыңыз. Орын жетпесе, бұл динамиктерді бір-біріне қаратып орналастырыңыз. Оларды сәл төмен қаратып, құлағыңыздан 60-90 см жоғары орналастырыңыз.

Көлемді динамиктер сымсыз қабылдағыш модуліне жалғанған болуы тиіс.

Әрбір динамиктің артында немесе астыңғы жағында түсті жапсырма бар. Әрбір кабельдің ұшына жақын бір түсті жолақ бар. Әрбір кабельді динамик жапсырмасына түсі бойынша сәйкестендіріп, кабельді динамикке қосыңыз.

15

Page 42
Image 42
Samsung HW-J470/RU manual Көлемді Динамиктерді Қосу, Көлемді динамик L