ФУНКЦИЯЛАР

TV SOUNDCONNECT

Теледидар дыбысын TV SoundConnect функциясын қолдайтын Samsung теледидарына жалғанған Soundbar арқылы ести аласыз.

++Теледидарды Soundbar құралына жалғау

Қосу

1.Теледидарды және Soundbar құралын қосыңыз.

Теледидар мәзірін қосыңыз.

"Дыбыс" жиекбелгісінде Динамик параметрлеріне жылжыңыз.

"Жаңа құрылғы қосу" мәзірін "Қосу" мәніне қойыңыз.

2.TV режимін таңдау үшін, негізгі құрылғының үстіңгі

панеліндегі ( ) түймесін немесе қашықтан

басқару құралындағы (SOURCE) түймесін басыңыз.

3.Теледидарда TV SoundConnect функциясын қосуды сұрайтын хабарлама көрсетіледі. "Теледидар экранында «[Samsung] Soundbar» хабарламасы да көрсетіледі.

4.Теледидарды және Soundbar құралын қосуды аяқтау үшін теледидардың қашықтан басқару құралы арқылы <Иә> параметрін таңдаңыз.

Soundbar режимін теледидардан басқа режимге ауыстыру TV SoundConnect мүмкіндігін автоматты түрде тоқтатады.

Soundbar жүйесін басқа теледидарға қосу үшін, бұрыннан бар қосылымды ажырату керек.

Бар қосылымды тоқтату үшін қашықтан басқару құралындағы p түймесін 5 секунд бойы басып тұрыңыз. Басқа теледидарға қосылу үшін жоғарыдағы 1-ден 4-ке дейінгі қадамды орындаңыз.

2012 жылдан бастап шығарылған кейбір теледидарлар TV SoundConnect (SoundShare) функциясын қолдайды. Бастау алдында теледидарда TV SoundConnect (SoundShare) функциясына қолдаудың бар-жоғын тексеріңіз. (Қосымша мәліметтер алу үшін теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.)

Сіздегі Samsung теледидары 2014 жылдан бұрын шығарылған болса, SoundShare setting мәзірін тексеріңіз.

Теледидар мен Soundbar жүйесінің арасындағы қашықтық 5 метрден асса, қосылыс тұрақты болмауы немесе дыбысы тоқтап-тоқтап ойнауы мүмкін. Осындай жағдай орын алса, теледидар мен Soundbar жүйесін жұмыс ауқымына қайта орнатып, TV SoundConnect қосылымын қайта жасаңыз.

TV SoundConnect жұмыс ауқымы:

--Ұсынылған жұптау ауқымы: 50 см ішінде

--Ұсынылған жұмыс ауқымы: 5 м ішінде

TV SoundConnect режимінде Play (Ойнату)/ Pause (Кідірту), Next (Келесі), Prev (Алдыңғы) түймелері қолданылмайды.

++Bluetooth POWER On

функциясын пайдалану

Bluetooth POWER On функциясын Soundbar жүйесін Bluetooth функциясымен үйлесімді теледидарға TV SoundConnect арқылы жалғағаннан кейін қолдануға болады. Bluetooth POWER On функциясы қосулы болған кезде, жалғанған теледидарды қосса немесе өшірсе, Soundbar қуаты да қосылып, өшеді.

1.Теледидарды Soundbar жүйесіне TV SoundConnect

функциясы арқылы жалғаңыз.

2.Soundbar жүйесінің қашықтан басқару құралындағы Bluetooth POWER түймесін басыңыз. Soundbar жүйесінің дисплейінде "ON/OFF-BLUETOOTH POWER" хабары көрсетіледі.

ON-BLUETOOTH POWER : Теледидарды қосқан және өшірген сайын Soundbar жүйесі де қосылады және өшіріледі.

OFF-BLUETOOTH POWER : Soundbar жүйесі тек теледидарды өшіргенде ажыратылады.

Бұл функцияға тек 2013 жылдан бастап шығарылған кейбір Samsung

теледидарларында қолдау көрсетіледі.

22

Page 49
Image 49
Samsung HW-J470/RU manual ++Теледидарды Soundbar құралына жалғау, ++Bluetooth Power On Функциясын пайдалану, Қосу