ФУНКЦИЯЛАР

ЖЕЛІ КҮТУ РЕЖИМІН ҚОСУ ФУНКЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

Егер сымсыз қосылым смарт құрылғы мен Soundbar құрылғысы арасында дұрыс орнатылса, Желі күту режимін қосу функциясы қолжетімді болады. Смарт құрылғы Soundbar құрылғысына Bluetooth немесе Wi-Fi қосылымы арқылы қосылу әрекетін орындағанда бұл функция Soundbar құрылғысын автоматты түрде қосады. Егер Soundbar құрылғысы Bluetooth қосылымы арқылы қосылған болса, оның кіріс режимі BT параметріне автоматты түрде орнатылады. Soundbar құрылғысын Wi-Fi арқылы қосу үшін, смарт құрылғыңызға Samsung Multiroom бағдарламасын орнатуыңыз қажет.

1.Смарт құрылғыны Soundbar құрылғысына қосыңыз.

2.Soundbar құрылғысының қашықтан басқару құралындағы LEVEL түймесін 5 секундтан артық басу арқылы Желі күту режимін қосу функциясын қосыңыз. LEVEL түймесін қайта 5 секундтан артық басу арқылы функцияны өшіруге болады.

Желілік күту режимінің қосулы күйі Soundbar құрылғысы смарт құрылғыларының жұптастырылған құрылғылары тізімінде болғанда ғана қолжетімді болады. (Смарт құрылғы мен Soundbar құрылғысы алдында кем дегенде бір рет жұптастырылған болуы керек.)

Soundbar құрылғысы [BT READY] немесе [WiFi READY] хабарын көрсетіп тұрғанда ғана Soundbar құрылғысы смарт құрылғының табылған құрылғылары тізімінде көрсетіледі.

Егер Желі күту режимін қосу функциясын жұмыс істемесе -- Желілік күту режимі қосулы күйінен өшірулі күйіне орнатылды. Оны ҚОСУЛЫ күйіне орнатыңыз.

Егер Soundbar құрылғысының қуаты ажыратылса немесе қуат өшіп қалса, Wi-Fi қосылымы тоқтатылады. Soundbar құрылғысын қосып, қайта байланыстырыңыз.

32

Page 106
Image 106
Samsung HW-K950/RU manual Желі Күту Режимін Қосу Функциясын Пайдалану