ФУНКЦИЯЛАР

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАҢАРТУ

KAZ

SERVICE

Микро USB - USB

адаптер кабелі

(берілмейді)

USB ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН ЖАҢАРТУ

Samsung болашақта Soundbar жүйесінің ішкі бағдарламалық құралдарына жаңартулар ұсынуы мүмкін.

Жаңарту ұсынылса, ішкі бағдарламалық құралдарды Soundbar жүйесіндегі USB портына ішкі бағдарламалық құрал жаңартуы сақталған USB құрылғысын жалғау арқылы жаңартуға болады.

Бірнеше жаңарту файлы бар болса, оларды USB құрылғысына бір-бірлеп жүктеп, ішкі бағдарламалық құралдарды жаңарту үшін бір уақытта бір файлдан пайдалану керек екенін ескеріңіз.

Жаңартылған файлдарды жүктеп алу туралы ақпарат алу үшін, Samsung.com сайтына кіріңіз немесе Samsung байланыс орталығына хабарласыңыз.

++Жаңарту процедурасы

1.USB 2.0 Микро USB (B түрі) аталық тығыны бар микро USB - USB адаптер кабелін Soundbar құрылғысындағы микро USB жалғағышының бір шетіне және стандартты аналық 2.0 USB жалғағышын (A түрі) екінші шетіне жалғаңыз.

Микро USB - USB адаптер кабелі бөлек сатылады. Сатып алу үшін Samsung қызмет көрсету орталығына немесе Samsung тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.

2.Өнімнің бағдарламалық жасақтамасын жүктеп алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: Samsung веб-сайтына өтіңіз (samsung.com/sec) үлгі атауын іздеңіз - тұтынушыға қолдау көрсету опциясын таңдаңыз (опция атауы өзгеруі мүмкін)

3.Жүктеп алынған бағдарламалық жасақтаманы USB флеш дискісіне сақтап, қалтаны мұрағаттаны шығару үшін "Қалта атауына шығарып алу" опциясын таңдаңыз.

4.Soundbar құрылғысын өшіріп, бағдарламалық жасақтама жаңартымын қамтитын USB жад картасын micro USB адаптер кабеліндегі аналық портқа жалғаңыз.

5.Soundbar құрылғысын қосыңыз. 3 минут ішінде, UPDATE көрсетіледі және жаңарту басталады.

6.Жаңарту аяқталғанда, Soundbar құрылғысы өшіп, қайта іске қосылады.

Егер кіріс көзі жаңартылғаннан немесе қуат кабелінің қайта қосылуынан кейін өзгертілген болса, кіріс көзін теледидарға немесе қалаған бастапқы көзге ауыстырыңыз.

33

Page 107
Image 107
Samsung HW-K950/RU manual USB Құрылғысымен Жаңарту, ++Жаңарту процедурасы, Микро USB USB Адаптер кабелі Берілмейді