байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

САБВУФЕР МЕН КӨЛЕМДІ ДЫБЫС ДИНАМИКТЕРІН ЖАЛҒАУ

Компоненттер арасындағы барлық қосылымдар аяқталмағанша осы өнімнің немесе теледидардың қуат сымын қабырғадағы розеткаға қоспаңыз.

Осы өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.

Егер негізгі құрылғы өшірулі болса, сымсыз сабвуфер және көлемді дыбыс динамигі күту режиміне өтеді және артқы жақтағы STANDBY LED көк түспен бірнеше рет жыпылықтаған соң, қызыл түспен жанады.

Егер Soundbar құрылғысының жанында бірдей жиілікпен (2,4 ГГц) құрылғы пайдаланылса, кедергі дыбыстың үзілуіне әкелуі мүмкін.

Негізгі құрылғының сымсыз сигналының максималды тарату қашықтығы шамамен 10 метрді құрайды, бірақ бұл жұмыс ортасына байланысты өзгешеленуі мүмкін. Негізгі құрылғы мен сымсыз сабвуфердің немесе көлемді дыбыс динамигінің арасында темірбетонды немесе темір қабырға болса, жүйе мүлдем жұмыс істемеуі мүмкін, себебі сымсыз сигнал темірден өте алмайды.

Сымсыз қабылдағыш антенналар сымсыз сабвуфер мен көлемді дыбыс динамиктеріне ендірілген. Құрылғыларды су мен ылғалдан алшақ ұстаңыз.

Тыңдау сапасын оңтайлы ету үшін, сымсыз сабвуфердің және көлемді дыбыс динамиктерінің айналасындағы аймақта қандай да бір кедергілердің жоқтығына көз жеткізіңіз.

KAZ

Көлемді дыбыс динамиктерінің ұсынылған орналасуы

TV

Soundbar негізгі

құрылғысы

Сабвуфер

90°

110°

Сол жақ көлемді дыбыс

динамигі

90°

110°

Оң жақ көлемді дыбыс

динамигі

19

Page 93
Image 93
Samsung HW-K950/RU manual Сабвуфер МЕН Көлемді Дыбыс Динамиктерін Жалғау, Көлемді дыбыс динамиктерінің ұсынылған орналасуы