Samsung HW-M360/RU manual Жасақтаманы Орнату, Soundbar құрылғысын қабырғадан алу

Models: HW-M360/RU

1 111
Download 111 pages 26.45 Kb
Page 105
Image 105

Soundbar құрылғысын қабырғадан алу

1.Soundbar құрылғысын қабырғаға бекіткіштен алу үшін, көрсеткі бағытымен итеріп, жоғары қарай сәл шалқайтыңыз да, суретте көрсетілгендей тартып алыңыз.

••Орнатылған құрылғыға ілінбеңіз, соғып не құлатып алмаңыз.

••Құрылғыны қабырғаға құламайтындай етіп бекітіңіз. Құрылғы құласа, зақымдалуы мүмкін немесе адамды жарақаттауы мүмкін.

••Құрылғы қабырғаға орнатылғанда, жалғанып тұрған кабельдердің кез келгенін балалардың тартуына жол бермеңіз, әйпесе құрылғы құлап кетуі мүмкін.

••Қабырғаға бекіту жұмысын оңтайлы орындау үшін, егер теледидар қабырғада орнатылған болса, динамик жүйесін теледидар астынан кем дегенде 2 дюйм (5 см) төмен орнатыңыз.

••Қауіпсіздігіңіз үшін, егер құрылғыны қабырғада бекітпесеңіз, оны құламайтын берік, тегіс бетке орнатыңыз.

10БАҒДАРЛАМАЛЫҚ

ЖАСАҚТАМАНЫ

ОРНАТУ

Samsung компаниясы болашақта Soundbar жүйесі микробағдарламасына арналған жаңартуларды ұсынуы мүмкін.

USB порты

USB (5V 0.5A)

Микро USB - USB адаптер кабелі (жинақпен берілмейді)

Жаңарту ұсынылса, микробағдарлама жаңартымы бар USB құрылғысын Soundbar құрылғысындағы USB портына жалғап, микробағдарламаны жаңартуға болады. Жаңарту файлдарын жүктеу жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін, Samsung Electronics компаниясының веб-сайтына (www.samsung.com → Support) кіріңіз.

Содан кейін, Soundbar құрылғыңыздың үлгісін жазыңыз не таңдаңыз, бағдарламалық жасақтамалар және қолданбаларды, одан соң жүктемелерді таңдаңыз. Опция аты әртүрлі болуы мүмкін.

KAZ - 27

Page 105
Image 105
Samsung HW-M360/RU manual Жасақтаманы Орнату, Soundbar құрылғысын қабырғадан алу