Сақтық шаралары

Үйіңіздегі айнымалы ток қуатының өнімнің артындағы анықтама жапсырмасында көрсетілген талаптарға сай болуын қамтамасыз етіңіз.

Өнімді тігінен, тұрақты негізге (жиһазға), айналасында желдетуге жеткілікті орын (3-4 дюйм/7,5-10 см) қалатындай етіп орнатыңыз.

Өнімді күшейткіштердің немесе басқа да ыстық болуы мүмкін жабдықтардың үстіне қоймаңыз. Желдеткіш саңылауларының жабылмағанын тексеріңіз.

Өнімнің үстіне ештеңе қоймаңыз.

Өнімді қозғалтпас бұрын, диск салынатын саңылаудың бос болуын қамтамасыз етіңіз.

Өнімді толығымен өшіру үшін, айнымалы ток ашасын розеткадан ажыратыңыз. Өнімді ұзақ уақыт қолданбайтын болсаңыз, айнымалы ток ашасын розеткадан ажыратыңыз.

Найзағай кезінде айнымалы ток ашасын розеткадан ажыратыңыз. Найзағайға байланысты кернеудің кенет артуы өнімге зақым келтіруі мүмкін.

Өнімді тікелей күн сәулесінен немесе басқа қызу көздерінен қорғаңыз. Бұл өнімнің шамадан тыс қызып кетуіне және дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

Өнімді ылғалдан және шамадан тыс ыстықтан және күшті магнит немесе электр өрістерін шығаратын жабдықтан (мыс., микрофондар) қорғаңыз.

Өнім дұрыс жұмыс істемесе, қуат кабелін айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз.

Бұл өнім тек жеке мақсатта қолдануға арналған. Ол өндірістік мақсатта қолдануға арналмаған.

Өнім немесе диск салқын температураларда сақталған болса, конденсат түзілуі мүмкін. Өнімді қыс кезінде тасымалдасаңыз, қолдану алдында өнім бөлме температурасына жеткенше шамамен 2 сағат күтіңіз.

Өнімде пайдаланылатын батареялардың құрамында қоршаған ортаға зиянды химиялық заттар бар. Батареяларды жалпы тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.

Жақсы стерео дыбысты қамтамасыз ету үшін динамиктерді жүйенің екі жағына жеткілікті қашықтыққа қойыңыз.

Өнімге еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы тиіс. Өнімге вазалар сияқты сұйықтық құйылған заттарды қоймаңыз.

Жабдықты толығымен өшіру үшін, оны розеткадан ажырату керек. Сондықтан, розетка мен штепсельдік ұш әрқашан қол оңай жететін

жерде болуы керек.

Тек жерге дұрыс тұйықталған аша мен розетканы қолданыңыз.

-- Жерге дұрыс тұйықталмаған жағдайда ток соғуы немесе жабдық зақымдануы мүмкін. (Тек l класты жабдықтар.)

Дискілерді сақтау және басқару

Дискілерді қолмен ұстау

-- Дискідегі саусақ іздері немесе сызаттар дыбыстың және суреттің сапасын төмендетуі немесе кейбір үзінділердің өткізіп жіберілуіне себеп болуы мүмкін.

-- Дискінің деректер жазылған бетін ұстамауға тырысыңыз.

-- Дискіні бетіне саусақтар

тимейтіндей етіп шетінен ұстаңыз.

-- Дискіге қағаз немесе таспа жапсырмаңыз.

Дискілерді тазалау

-- Дискіде саусақ іздері немесе кір болса, оны су араластырылған жұмсақ тазалау құралымен тазартып, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.

-- Тазалағанда дискінің ішінен сыртына қарай сүртіңіз.

• Дискіні сақтау

-- Күн сәулесі тікелей түсетін жерде сақтамаңыз.

-- Жақсы желдетілетін салқын жерде сақтаңыз.

-- Таза қорғаныш қаптамасына салып, тігінен қойып сақтаңыз.

Өнімнің ішіндегі суық бөлшектерге жылы ауа тисе, конденсат түзілуі мүмкін. Өнімнің ішінде конденсация түзілгенде, ол дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Мұндай жағдай туындаса, дискіні шығарып алып, өнімді қуаты қосылған күйі 1-2 сағат қойыңыз.

Қазақша 3

Page 25
Image 25
Samsung MX-J730/RU, MX-J630/RU Сақтық шаралары, Дискілерді сақтау және басқару, Дискілерді қолмен ұстау, Дискіні сақтау