Bluetooth құрылғысын MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесінен ажырату

Bluetooth құрылғысын MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесінен ажыратуға болады. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесі ажыратылады.

MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесі Bluetooth құрылғысынан ажыратылған кезде, MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесінің дисплейінде BT DISCONNECTED ; BT READY

хабарламасы көрсетіледі.

MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесін Bluetooth құрылғысынан ажырату

Bluetooth режимінен басқа режимге бір ауысу немесе Mini Hi-Fi құрамдас жүйесін өшіру үшін Mini Hi-Fi құрамдас жүйесінің алдыңғы панеліндегі басқа бір режим түймесін басыңыз. Ағымдағы жалғанған құрылғы ажыратылады.

Байланысты тоқтату алдында жалғанған Bluetooth құрылғысы MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесінен біраз уақыт жауап күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырату уақыты әртүрлі болуы мүмкін)

Bluetooth байланысы режимінде MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесі мен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық тиімді қабылдау ауқымынан асса, Bluetooth байланысы жоғалуы мүмкін.

Bluetooth құрылғысы ажыратылғаннан кейін тиімді ауқымға қайтып оралса, Bluetooth құрылғысымен жұптауды қалпына келтіру үшін MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесін өшіріп, қайта қосуға болады.

MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесі «BT дайын» режимінде 25 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.

MiNi Hi-Fi құрамдас дыбыс жүйесіне Bluetooth құрылғысы жалғанса, Құрамдас бөлік жүйесі басқа режимде (ол TV SoundConnect режимінде «REQUEST» хабарламасын көрсеткен жағдайды қоспағанда) болған жағдайда ол Bluetooth режиміне автоматты түрде ауысады.

Bluetooth Power On функциясын пайдалану

Өнім өшірулі кезде, оны қосу үшін смарт құрылғыны өнімге Bluetooth байланысы арқылы жалғауға болады.

1.Bluetooth Power On функциясын қосу үшін қашықтан басқару құралындағы Bluetooth түймесін басып тұрыңыз немесе өнімдегі

CD/Bluetooth түймесін басып тұрыңыз.

Дисплейде ON- BLUETOOTH POWER

хабарламасы көрсетіледі.

2.Өнім өшірулі болғанда, смарт құрылғыны өнімге Bluetooth функциясы арқылы

жалғаңыз. (Bluetooth байланыстары туралы ақпаратты смарт құрылғының нұсқаулығынан қараңыз.)

Bluetooth құрылғысы бұрын MiNi Hi-Fi

құрамдас жүйесімен жұптасқан болуы керек.

3.Байланыс орнатылғаннан кейін өнім автоматты түрде Bluetooth режимінде қосылады.

Смарт құрылғыдан ойнатылатын қажетті музыканы таңдаңыз.

Bluetooth Power On функциясын қосу немесе өшіру үшін қашықтан басқару құралындағы

Bluetooth түймесін басып тұрыңыз немесе негізгі құрылғыдағы CD/Bluetooth түймесін басып тұрыңыз. Түймені әр басып, ұстап тұрған кезде, MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесі дисплейден ON-BLUETOOTH POWER ; OFF-BLUETOOTH POWER хабарламасын көрсетеді.

Samsung Audio Remote App

қолданбасын пайдалану

Samsung Audio Remote App қолданбасын орнату

Өнімді смарт құрылғымен және Samsung Audio Remote қолданбасымен басқару үшін Google Play дүкеніне кіру арқылы Samsung Audio Remote App қолданбасын жүктеп алыңыз.

Samsung Audio Remote App қолданбасына қол жеткізу

Samsung Audio Remote қолданбасын орнатқаннан кейін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз.

• APP функциясы Android OS 3.0 немесе одан кейінгі нұсқасымен жұмыс істейтін Android ұялы телефон құрылғыларын ғана қолдайды.

Қазақша 13

Page 35
Image 35
Samsung MX-J730/RU, MX-J630/RU manual Samsung Audio Remote App Қолданбасын пайдалану, Дисплейде ON- Bluetooth Power