Артқы панель

1

2

3

4

1.2.0 CH динамик жалғанатын ағытпалар Динамик жалғанатын ағытпалар жүйенің артқы жағында орналасқан.

1.Дұрыс дыбыс сапасына қол жеткізу үшін,

төменде көрсетілген динамиктің жалғағыш кабельдерін жүйенің артқы жағындағы дұрыс динамик ағытпаларына салыңыз.

Сол жақ динамик (L деп белгіленген).

Оң жақ динамик (R деп белгіленген).

2.ТЕК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮШІН

Бұл ұя тек қызмет көрсетуге арналған.

Оны қолданбаңыз.

3.AUX IN ағытпалары

1.Өнімдегі AUX IN ұясын сыртқы аналогтық құрамдас бөліктегі Audio Out ұясына жалғау үшін дыбыс кабелін (жинақпен берілмейді) қолданыңыз.

Жалғағыш түстерінің сәйкестігін тексеріңіз.

Сыртқы аналогтық құрамдас бөлікте бір ғана Audio Out ұясы болса, сол жақ немесе оң жақ терминалға жалғаңыз.

AUX кірісін таңдау үшін негізгі құрылғыдағы TUNER/AUX түймесін немесе қашықтан басқару құралындағы

AUX түймесін басыңыз.

Құрылғы AUX режимінде болғанда, 8 сағаттан артық уақыт ішінде ешқандай түйме басылмаса,

қуат автоматты түрде өшеді.

4.FM антеннасының жалғағыш ағытпасы

1.FM антеннасын (жинаққа кірмейді) FM

антенна ұясына қосыңыз.

2.Сигналы күшті жерді тапқанша антеннаны баяу жылжытып, тапқан соң қабырғаға немесе басқа қатты бетке бекітіңіз.

3.Қабылдау нашар болса, сыртқы антеннаны орнатуыңыз керек болуы мүмкін. Олай істеу үшін сыртқы FM

антеннасын жүйенің артындағы FM антенна ұясына 75Ω коаксиалды кабельді

(жинақпен бірге берілмейді) пайдаланып қосыңыз.

Қазақша 7

Page 29
Image 29
Samsung MX-J730/RU, MX-J630/RU manual ТЕК Қызмет Көрсету Үшін, AUX in ағытпалары, FM антеннасының жалғағыш ағытпасы