USB құрылғысын ойнату.

Өнімге USB флеш-жад құрылғысы немесе сыртқы HDD

(қатты диск) сияқты сыртқы сақтау құрылғысын жалғаңыз. MP3/WMA пішіміндегі файлдарды ойнатуға болады.

Бастамас бұрын!

• Сыртқы USB сақтау құрылғысын өнімге жалғаңыз.

• Негізгі құрылғыдағытүймесін басып USB режимін таңдаңыз немесе USB түймесін басып қашықтан басқару құралындағы USB опциясын таңдаңыз.

• Бірінші каталогтың бірінші жолы автоматты түрде ойнатылады.

Ойнатуды тоқтату үшін

Ойнатуды тоқтату үшін STOP ( @ ) түймесін басыңыз. USB құрылғысын шығарып алу

STOP ( @ )түймесін қайтадан бассаңыз, USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алуға болады.

Бұл өнімнің USB портына USB зарядтағышын жалғамаңыз. Өнімді зақымдауыңыз мүмкін.

USB құрылғысынан бір жолды таңдау

Ойнату кезінде MP3 файлын таңдауға болады.

1.Алдыңғы/келесі жолға өткіңіз келсе, [,] түймелерін жылдам басыңыз.

Құрылғы каталогтағы алдыңғы/келесі файлға өтеді.

[,] түймелерін каталогтағы сандардан

артық бассаңыз, құрылғы келесі каталогқа өтеді.

Қалтаны жылдам іздеу

1.Алдыңғы/келесі қалтаға өту үшін қашықтан басқару

құралындағы немесе түймесін басыңыз.

2.Іздеу аяқталғанда алдыңғы/келесі қалта атын көресіз. Қалтадағы алғашқы жол ойнатуды бастайды.

Жоғары жылдамдықты іздеу мүмкіндігін қолдану

Ойнату кезінде бөлім арқылы жылдам іздеуге болады.

1.(,) түймесін басыңыз.

Түймені әр басқан сайын артқа/алға жылдам жылжисыз.

Дыбыс жылдам ойнату режимінде шықпайды.

Бір немесе барлық жолдарды қайталау.

1.REPEAT түймесін басыңыз.

REPEAT түймесін әр басқан сайын қайталау режимі төмендегідей ауысып отырады:

OFF TRACK DIR ALL RANDOM

2.Қайталау функциясын тоқтатқыңыз келгенде, REPEAT түймесін дисплейде "OFF" көрсетілгенше баса беріңіз.

OFF: Қайталап ойнатудан бас тартады.

TRACK: Таңдалған жолды қайталап ойнатады.

DIR:Таңдалған қалтадағы барлық жолдарды қайталап ойнатады.

ALL: Бүкіл дискіні қайталап ойнатады.

RANDOM: Жолдарды кездейсоқ ретпен ойнатады.

Файлды жою

USB құрылғысындағы файлды жоюға болады.

1.Жойылатын файлды ойнатыңыз.

2.Қашықтан басқару құралындағы DELETE түймесін басыңыз. Дисплейде "DEL N" көрсетіледі.

3.Қашықтан басқару құралындағы DELETE түймесін басыңыз, не болмаса [ немесе ] түймесін дисплейде "DEL Y" хабарламасы көрсетілгенше баса беріңіз.

4.Дисплейде “DEL Y” хабарламасы көрсетілгенде, қашықтан басқару құралындағы ENTER түймесін басыңыз. “DELETE END” көрсетіліп, жою аяқталады.

NTFS файл жүйесіне қолдау көрсетілмейді.

Осы құрылғымен USB құрылғысын қолданбас бұрын төмендегі нұсқауларды оқып шығыңыз.

Кейбір USB құрылғылары осы өніммен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Сыртқы құрылғы үшін USB порты қолдайтын ең жоғары кернеу — 500 мА (5 В тұрақты токта).

Бұл өнім FAT16 және FAT32 файл жүйесінде пішімделген USB құрылғыларын ғана қолдайды.

USB HDD дискілерін бөлек қуат көзіне қосу керек. Әйтпесе, HDD дискілері жұмыс істемейді.

USB сыртқы сақтау құрылғысы бірнеше құрылғыға жалғанса, алдымен HDD дискісі ойнатылады.

USB сыртқы құрылғысының көп бөлігі бар болса, файл жүйесін қолдайтын алғашқы бөлігі ғана танылады.

DRM қолданылған файлдарға қолдау жоқ. Digital Right Management файлдың авторлық құқығын көшірмесін жасаудан қорғау үшін DRM файлын рұқсатсыз қолдануға тыйым салады.

Тіпті файл кеңейтімі .mp3 болса да, файл MPEG 1 немесе 2-қабатында пішімделген жағдайда оны ойнату мүмкін болмайды.

USB хабын қолданбаңыз. USB хабтарына қолдау жоқ.

Құрылғы MP3/WMA файл атының тек алғашқы 15 таңбасын көрсетеді.

Бұл құрылғы 160 ГБ-тан аз алынбалы HDD дискілерін қолдайды. Құрылғыға байланысты, көлемі 160 ГБ немесе одан көбірек алынбалы HDD дискісіне қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

Өнім USB құрылғысындағы файлдарды тануы үшін бірнеше минут кетуі мүмкін.

USB құрылғылары (әсіресе, USB HDD дискілері) келесі жолға өткен кезде кідіріс туғызуы мүмкін.

Кейбір USB құрылғыларына, сандық камераларға, USB картасын оқу құралдарына, iPod, iPhone және Smart Phone құрылғыларына қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

Тек USB VER. 1.1 интерфейсін қолдайтын USB құрылғыларында, құрылғы файлдарды баяу ашуы немесе файл сипаттарын танымауы мүмкін.

Өнім Кідірту режимінде болған кезде өнімде немесе қашықтан басқару құралында 3 минуттан артық ешбір түйме басылмаса, ол Тоқтату режиміне ауысады.

Өнім Тоқтату режимінде немесе USB жоқ режимінде болған кезде өнімде немесе қашықтан басқару құралында 25 минуттан артық ешбір түйме басылмаса, қуат автоматты түрде өшеді.

USB құрылғысында ең көбі 999 файлды ойнатуға болады.

10 Қазақша

Page 32
Image 32
Samsung MX-J630/RU, MX-J730/RU manual USB құрылғысын ойнату, 10 Қазақша