Bluetooth мүмкіндігін қолдану

Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын пайдалануға болады!

Bluetooth дегеніміз не?

Bluetooth технологиясы Bluetooth функциясымен үйлесімді құрылғылардың қысқа, сымсыз байланыс арқылы оңай өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Пайдаланылуына қарай, Bluetooth құрылғысы шуға немесе дұрыс жұмыс істемеуге себеп болуы мүмкін, мысалы:

-Денеңіздің бір бөлігі Bluetooth құрылғысының немесе өнімнің қабылдау/тасымалдау жүйесіне тиіп тұрғанда.

-Қабырға, бұрыш немесе кеңседегі бөлгіш шымылдық сияқты кедергілерден электр ауытқулары әсер еткенде;

-Бір жиіліктер ауқымындағы құрылғылардан, соның ішінде медициналық жабдықтардан, микротолқынды пештерден және сымсыз жергілікті желілерден шығатын электр кедергілері әсер еткенде.

MiNi Hi-Fi құрамдас дыбыс жүйесі мен Bluetooth құрылғысын жұптау кезінде бір-біріне жақын қойыңыз. Жүйе мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық неғұрлым алыс болса, сапа солғұрлым нашарлайды.

Қашықтық Bluetooth жұмыс істеу ауқымынан асса, байланыс жоғалады.

Қабылдау сезімталдығы нашар аймақтарда Bluetooth байланысы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

MiNi Hi-Fi құрамдас дыбыс жүйесінің тиімді қабылдау ауқымы ешқандай кедергі болмаған жағдайда барлық бағыттарда 5 метр (16,25 фут) болады. Bluetooth құрылғысы бұл ауқымнан шығатын болса, байланыс автоматты түрде үзіледі. Осы ауқым ішінде болғанына қарамастан, дыбыс сапасы қабырғалар немесе есіктер сияқты кедергілер себебінен төмендеуі мүмкін.

Бұл сымсыз құрылғы жұмыс істеу кезінде электр кедергілерін тудыруы мүмкін.

MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесін Bluetooth құрылғысына жалғау

Бастамай тұрып, Bluetooth құрылғысы Bluetooth функциясымен үйлесімді стерео гарнитура функциясын қолдайтынын тексеріңіз.

1.Негізгі құрылғыдағы CD/Bluetooth түймесін немесе қашықтан басқару құралындағы Bluetooth түймесін «BT» хабарламасы көрсетілгенше баса беріңіз.

MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесінің алдыңғы

дисплейінен қысқа уақыт WAIT хабарламасын, одан кейін BT READY хабарламасын көресіз.

2.Жалғанатын Bluetooth құрылғысында

Bluetooth мәзірін таңдаңыз. (Bluetooth

құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).

3.Bluetooth құрылғысында Stereo headset (Стерео құлақаспап) мәзірін таңдаңыз.

Табылған құрылғылар тізімін көресіз.

4.Ізделетін тізімнен "[Samsung] MINI xxxxxx

J-Series" тармағын таңдаңыз.

Өнім Bluetooth құрылғысына жалғанғанда, оның алдыңғы дисплейінде Device name ; BT хабарламасы көрсетіледі.

Bluetooth құрылғысы өніммен жұпталмаса немесе дисплейде "UNPAIRED" хабарламасы көрсетілсе, Bluetooth құрылғысы тапқан алдыңғы "[Samsung] MINI XXXXXX J-Series" элементін жойып, MINI

құрылғысын қайтадан іздеңіз.

5.Жалғанған Bluetooth құрылғысында ойнап жатқан музыканы MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесінен тыңдай аласыз.

Bluetooth режимінде кейбір үлгінің Play/ Stop/Next/Back функцияларын қолдану мүмкін болмайды.

Өнім тек сапасы орташа SBC деректерін (48 кГц жиілікте 237 Кбит/сек-қа дейін) қолдайды, ал сапасы жоғары SBC деректерін (44,1 кГц жиілікте 328 Кбит/сек) қолдамайды.

AVRCP функциясына қолдау жоқ.

Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына жалғаңыз.

Тек HF (бос қол) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына жалғау мүмкін емес.

Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын жұптауға болады.

Bluetooth құрылғысын MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесіне жалғаған кезде PIN кодын (құпия сөз) енгізу қажет болуы мүмкін. PIN кодын енгізу терезесі шықса, <0000> деп енгізіңіз.

MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесін өшірген және жұптауды уақытша тоқтатқан соң, жұптау автоматты түрде қалпына келтірілмейді. Қайта жалғау үшін құрылғыны қайтадан жұптау керек.

MiNi Hi-Fi құрамдас дыбыс жүйесі төмендегі жағдайларда іздемеуі немесе дұрыс жалғанбауы мүмкін:

--MiNi Hi-Fi құрамдас жүйесінің айналасында күшті электр өрісі болса.

--- Bluetooth құрылғысы өшсе, орнында болмаса немесе дұрыс жұмыс істемесе.

Микротолқынды пештер, сымсыз жергілікті желі адаптерлері, люминесцентті шамдар және газ плиталары сияқты құрылғылар Bluetooth құрылғысымен бірдей жиіліктер ауқымын пайдаланатынын ескеріңіз, бұл өз кезегінде электр кедергісін тудыруы мүмкін.

12 Қазақша

Page 34
Image 34
Samsung MX-J630/RU, MX-J730/RU manual Bluetooth мүмкіндігін қолдану, 12 Қазақша, Табылған құрылғылар тізімін көресіз