Күтім көрсету

Күтім көрсету

Тазалау

ЕСКЕРТУ

Тазалар алдында пеш пен пештің керек-жарақтарының салқын тұрғанын тексеріп алыңыз. Жеміргіш жуғыш құралдарды, қатты шөткелерді, түрпілі жөке немесе шүберектерді, темір жөкені, пышақ немесе басқа да жеміргіш құралмен тазалауға болмайды.

Пештің ішкі жасақтамасы

Пештің ішін тазалау үшін, таза шүберек пен жұмсақ жуғыш затты немесе сабынды суды қолданыңыз.

Есіктің тығыздағышын қолмен тазаламаңыз.

Пештің эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас үшін, пешке арналған стандартты жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.

Қатып қалған қоқысты тазалау үшін арнайы пеш тазалағышты қолданыңыз.

Пештің сырты

Пештің есігі, тұтқасы және дисплейі тәрізді сыртқы жақтарын тазалау үшін таза шүберек пен жұмсақ жуғыш затты немесе жылы сабынды суды пайдаланыңыз да, ас үй сүрткішімен немесе құрғақ сүлгімен сүртіңіз.

Май мен қоқыс іштен шығатын ыстық ауаға байланысты әсіресе тұтқаның айналасына жиналуы мүмкін. Тұтқаны пайдаланып болған сайын тазалауды ұсынамыз.

Керек-жарақтары

Керек-жарақтарды қолданып болған сайын жуып, ыдыс-аяқ сүлгісімен құрғатыңыз. Қатып қалған қоқысты тазалау үшін пайдаланылған керек-жарақтарды жуу алдында жылы суға шамамен 30 минут жібітіңіз.

Каталитті эмаль қаптама (бар үлгілерге ғана қатысты)

Алмалы бөлшектер қара сұры каталитті эмальмен қапталған. Оларға конвекциямен пісіру кезінде ыстық ауамен таралатын май және тоң май шашырап ластайды. Дегенмен, бұл қалдықтар пештің 200 °C градус және одан жоғары температурасында күйіп кетеді.

1.Пештің керек-жарақтарын түгел алыңыз.

2.Пештің ішін тазалаңыз.

3.Конвекция режимін ең жоғарғы температураға қойып таңдаңыз да, циклды шамамен бір сағат қосыңыз.

26 Казақ

ЕСКЕРТПЕ

Үлгі түріне қарай каталитті бөлшектердің бір жағы немесе 3 жағы да қапталған.

Есікті ағытып алу

Пештің есігін әдетте алмай қолдану керек, дегенмен, пештің есігін мысалы, тазалау үшін алу керек болса, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Пештің есігі ауыр.

1. Есікті ашыңыз да, екі топсадағы қапсырмаларды түгел ашыңыз.

2.Есікті шамамен 70º бойынша жабыңыз.

Есіктің екі жақтауының орта тұсынан қос қолдап ұстап, топсаларын ағытып алғанша

тартып көтеріңіз.

70º

3.Тазалап болғаннан кейін есікті орнына салу үшін 1 және 2 қадамдарды кері ретпен

орындаңыз. Топсаның қапсырмасын екі жағынан жабу керек.

NV70K3370BS_WT_DG68-00752A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 26

2017-02-06 ￿￿ 2:53:38

Page 90
Image 90
Samsung NV70K3370BS/WT, NV70K3370BB/WT manual Күтім көрсету