Су жіберу түтігін тоңазытқышқа қосыңыз.

-Тоңазытқыш компрессорының қақпағын ашыңыз.

-Су жіберу түтігін суретте көрсетілгендей вентильге қосыңыз.

-Қосқаннан кейін жалғанған жерден су ақпайтындығын тексеріңіз. Егер су ағып тұрса, онда түтікті қосу үрдісін қайталаңыз.

-Тоңазытқыш компрессорының қақпағын

орнына бекітіңіз.

Су түтігі

Жалғастырушы сомын

Тоңазытқыш компрессорының қақпағы

Мұз дайындау құрылғысына беріленетін су көлемін тексеру (барлық үлгілерде жоқ).

1.Жоғары көтеріңкіреп, мұздату камерасынан мұз дайындайтын құралдың ыдысын ақырын шығарыңыз.

2.Test (тексеру) түймешесін басқанда мұз дайындау ыдысына су жіберу түтігінен су құйылады. Құйып болғаннан кейін судың көлемін тексеріңіз (төмендегі суретке қараңыз). Егер су шамадан аз құйылса, мұз бөліктері кішкентай болады. Бұл тоңазытқыштың емес, су құбырындағы су қысымының кемшілігі болып табылады.

1

Су жіберетін түтікті бекітіңіз.

-«А» қамытының көмегімен су жіберетін түтікті қабырғаға бекітіңіз (тоңазытқыштың артқы қабырғасына дейін).

-Су жіберу түтігін аяғына дейін бекіткеннен кейін түтіктің майыспағандығына, оны ешнəрсе қысып тұрмағандығына көз жеткізіңіз.

Ақамыты

Су түтігі

Мұз дайындау құралы

Датчик иінтірегі

Сүзгіні орнатқаннан кейін су жіберу түтігін кірден тазалаңыз.

1.Пəтердегі су жіберу түтігінің бекіту вентилін негізгі вентильмен ашыңыз.

2.Су жіберу жүйесінің иінтірегін басып, су мөлдір болғанша ағызыңыз (шамамен 1 литр). Ол су жіберу жүйесін тазалау мен оның түтіктерінің ішіндегі ауаны шығаруға ықпал етеді.

3.Кейбір пəтерлерде жүйені қосымша жуып- шаю қажет болады.

4.Тоңазытқыштың есігін ашып, су сүзгісі айналасынан су ақпайтындығына көз жеткізіңіз.

Сіз жаңа су сүзгісін орнатқан соң біраз уақытқа дейін су жіберу жүйесінен су ағуы мүмкін. Бұл түтікте ауа қалған жағдайда болады. Бұл жүйенің жұмыс істеуіне ешқандай кедергі келтірмейді.

14_ тоңазытқышын орнату

2

Су деңгейін тексеріңіз

Тексеру түймешесі

Page 126
Image 126
Samsung RS21HNLBG1/BWT, RS21HNTRS1/BWT manual Су жіберу түтігін тоңазытқышқа қосыңыз, Су жіберетін түтікті бекітіңіз