Өнім Еуропа Одағының Ережелерімен (EC) No 643/2009 қадағаланатын Волті Кем Құрылғылар Нұсқауына (2006/95/EC), Үйлесімді Элетромагниттік Құрылғылар нұсқауына (2004/108/EC) жəне Эко-дизайн Нұсқауына

(2009/125/EC) сəйкес жасақталған.

ҚАТЕРЛІ ҚАУІПТІ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

Тоңазытқышты ылғалды немесе су ЕСКЕРТУ тиетін орынға орнатпаңыз.

-Тоңазытқыштың электрлі бөліктерінің оқшаулағыштарының нашарлауы электр тоғының соғуына немесе өртке əкеліп соғады.

Тоңазытқышты күн сəулесі тікелей түсетін немесе ас үй пешінен, жылыту құралдарынан жəне басқа да құрал- жабдықтардан жылу тарайтын жерлерге орнатпаңыз.

Бір розеткаға бірнеше электр құралдарын қоспаңыз. Тоңазытқышты əрқашанда оның құжаттық кестесінде көрсетілген кернеуге сəйкес келетін номиналды кернеуіне есептелген ауыстырмалы тоқ желісінің жеке розеткасына қосу қажет.

-Бұл тоңазытқыштың ары қарай жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар үйдегі электр сымдарына күш түсіп, қатты қызуынан өртке əкеліп соғатын жағдайлардың алдын алады.

Тоңазытқыштың артқы қабырғасымен оқшаулық айырдың қысылып қалмағандығына жəне зақымданбағандығына көз жеткізіңіз.

Желі шнурын қатты бүкпеңіз жəне оның үстіне ауыр заттар қоймаңыз.

-Ол тұтанып кетуі мүмкін.

Егер желі шнурының ажыратқышы тозып кетсе немесе басқа да зақымданулар алса, онда шнурды жөндеу немесе ауыстыру үшін дереу өндіруші фирмаға немесе қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.

Оқшаулығында жарықшақтар немесе шнурының бойында немесе аяқтарының бірінде сызаттар бар желі шнурын пайдаланбаңыз.

Егер желі шнуры зақымданған болса, оны ауыстыру үшін дереу өндіруші фирмаға немесе оның қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.

Тоңазытқыштың орнын ауыстыруда желі шнурын тоңазытқыштың дөңгелегімен басып кетпеңіз жəне желі шнурына зақым келтірмеңіз.

Желі шнурының айырын розеткаға су қолдарыңызбен сұқпаңыз.

Тоңазытқышты тазаламас бұрын немесе жөндеудің алдында желі шнурының ажыратқыш айырын розеткадан суырыңыз.

Ажыратқыш айырды тазалауда ешқашан су немесе дымқыл шүберек қолданбаңыз.

Ажыратқыш айырдың метал бөліктерінің үстін шаң немесе басқа да заттардан тазалап отырыңыз.

-Ластанған айырды қолдану өртке əкеліп соғуы мүмкін.

Егер тоңазытқыш розеткадан ажыратылған

болса, айырды қайтадан розеткаға тығу үшін кем дегенде он минуттай күту қажет.

Егер электр розеткасының тесіктері «кеңіп

кетсе», оған желі шнурының айырын сұқпаңыз.

-Ол электр тоғының соғуына немесе өртке əкелуі мүмкін.

Тоңазытқыш орнатылғаннан кейін желі шнурының

айыры қолжетерлік жерде тұруы қажет.

Тоңазытқыштың шнурын міндетті түрде жерге қосыңыз.

-Егер сіздің розеткаңыз жермен байланыстырылмаған жағдайда білікті электр маманының кеңесіне жүгініңіз.

-Электр қуатының жойылуының немесе осындай жойылулар нəтижесінде туындайтын тоқ соғуының алдын алу үшін тоңазытқышты жермен дұрыс байланыстыру қажет.

Жерге байланыстыру үшін найзағай түсетін газ құбырларын, телефон желілерін немесе басқа да инженерлік коммуникацияларды ешқашан пайдаланбаңыз.

-Жерге дұрыс байланыстырмау электр тоғының соғуына алып келуі мүмкін.

Тоңазытқышты өздігіңізден бөлшектемеңіз жəне жөндемеңіз.

-Бұл өртке, тоңазытқыштың бұзылуына жəне/ немесе жарақат алуға əкелуі мүмкін.

Егер тоңазытқыш жұмыс істеп тұрғанда біртүрлі иісті немесе түтінді сезсеңіз, онда желі шнурының айырын дереу ажыратыңыз жəне Samsung компаниясының қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Тоңазытқыштың корпусындағы немесе құрастырылу бөлшектеріндегі желдеткіш тесіктерін жаппаңыз.

Мұздату үрдісін жеделдету үшін тоңазытқышты дайындаушы ұсынған құралдардан басқа механикалық құрылғыларды немесе басқа да құралдарды қолданбаңыз.

Хладагенттің айналу контурын зақымданудан қорғаңыз.

Тоңазыту/мұздату камерасының ішінде дайындаушы ұсынғаннан басқа ешқандай электр құралдарын пайдаланбаңыз.

Балалар немесе жасы ұлғайған адамдар біреудің қарауынсыз тоңазытқышты пайдаланбауы керек.

Балалардың тоңазытқышпен ойнамауын бақылаңыз.

Балаларыңызға тоңазытқыштың есігіне асылуға рұқсат бермеңіз. Олар қатерлі жарақат алуы мүмкін.

Мұздату камерасының ішкі қабырғаларын немесе осы камерада жатқан азық-түліктерді су қолыңызбен ұстамаңыз.

-Қолыңыздың терісі оларға жабысып қалуы мүмкін.

Егер сіз тоңазытқышты ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, желі шнурының айырын розеткадан ажыратыңыз.

-Электр оқшаулығының нашарлауы өртке əкеліп соғуы мүмкін.

Тоңазытқыштың үстіне бөгде заттарды қоймаңыз.

-Есіктерді ашып жабу кезінде бұл заттар құлап қалуы мүмкін, ол өз кезегінде жарақаттандыруға немесе ол заттардың өздері зақымдануы мүмкін.

САҚТАНДЫРУ БЕЛГІЛЕРІ

Берілген бұйым тек азық-түліктерді үй САҚТАНДЫРУ жағдайында сақтауға арналған.

Азық-түліктерді өндіруші ұсынған мерзімі бойынша

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. _03

Page 115
Image 115
Samsung RS21HNTRS1/BWT, RS21HNLBG1/BWT, RS21HDLMR1/BWT Қатерлі Қауіпті Ескерту Белгілері, 2009/125/EC сəйкес жасақталған