Саусақтарыңызды, қолыңызды немесе ЕСКЕРТУ басқа да бір заттарды мұз жіберу

жүйсінің науасына немесе мұзға арналған ыдысқа салмаңыз.

-Ол жарақаттандыруы мүмкін немесе тоңазытқыштың бұзылуына əкеліп соғуы мүмкін.

Саусақтарыңызды немесе басқа да бір заттарды мұз жəне су жіберу жүйесінің тесігіне ешқашан тықпаңыз.

Ол жарақат алуға əкеліп соғуы мүмкін.

Тоңазытқыштың өз жиынтығына кіретін мұз дайындауға арналған құралды ғана қолданыңыз.

Бұл тоңазытқышты су құбырына тек білікті маман ғана жалғауы тиіс жəне ол тек ауыз суы құбырына жалғануы тиіс.

Мұз дайындау құралы дұрыс жұмыс істеуі үшін су қысымы 138~862 кПа шамасында болуы қажет.

Егер сіз демалысқа немесе ұзақ

САҚТАНДЫРУ іссапарға жүретін болсаңыз жəне сіз су жəне мұз дайындау жүйелерін қолданбайтын болсаңыз су жіберу вентилін жауып қойыңыз.

-Əйтпесе сіз болмаған кезде су ағуы мүмкін.

Тоңазытқыштың ішін құрғата сүртіп алыңыз да оның есігін ашық қалдырыңыз.

-Əйтпесе тоңазытқыштың ішінде жағымсыз иіс, сүңгі пайда болуы мүмкін.

Орынды кеңейту үшін үстіңгі мұздатқыштың тартпасын алып қоюыңызға болады, себебі бұл тартпа жылуға жəне механикалық параметрлерге əсер етпейді. Мұздатылған тағам сақталатын бөліктің сақтау сыйымдылығы, осы тартпа алынып тұрғанда есептелген.

COOL SELECT ZONEСБ БӨЛІМІН ПАЙДАЛАНУ (БАРЛЫҚ ҮЛГІЛЕРДЕ ЖОҚ).

Quick Cool (Тез суыту)

Сіз Cool Select Zoneсб бөлімінде Quick Cool

режимін пайдалана аласыз.

Quick Cool режимі 1-3 банка сусынды 60 минуттың ішінде суытуға мүмкіндік береді.

Бұл режимді сөндіру үшін «Quick Cool» түймешесін басыңыз. Cool Select Zoneсб бөлімі алғашқы температурасына қайтып оралады.

«Quick Cool» режимінің жұмысы аяқталғаннан кейін бөлім «Cool» (суыту) режиміне ауысады.

Thaw (еріту)

Етті еріту барысында оның сөлінің ағып кетуі еттің сапасын төмендетеді.

Thaw (еріту) режимін таңдағаннан кейін Cool Select Zoneсб бөліміндегі жылы жəне суық ауа кезек- кезек беріледі.

Еттің салмағына қарай түймешені қайта-қайта баса отырып еріту уақытын 4 сағат, 6 сағат, 10 сағат жəне 12 сағатқа қоюға болады.

Thaw режимінің жұмысы аяқталғаннан кейін Cool Select Zoneсб бөлімі «0 Zone» (балғындықты сақтау) режиміне ауысады.

Thaw режимінің жұмысы аяқталғаннан кейін ет жартылай қатып тұрғандықтан, оның сөлі бөлінбейді, сондықтан оны дайындау барысында турау ыңғайлы.

Бұл режимнің жұмысын тоқтату үшін Thaw түймешесінен басқа кез-келген түймешені басыңыз.

Ет пен балықтың мөлшермен еритін уақыты келесі кестеде көрсетілген (берілгендер қалыңдығы 1 дюйм (2,5 см) тілімдерге арналған).

ЕРІТУ УАҚЫТЫ

САЛМАҒЫ

 

 

4 сағат

363 г.

 

 

6 сағат

590 г.

 

 

10 сағат

771 г.

 

 

12 сағат

1000 г.

 

 

Ет пен балықтың мөлшері мен қалыңдығына қарай еріту уақыты əрқалай болуы мүмкін. Жоғарыдағы кестеде көрсетілген салмақ мəндері Cool Select Zoneсб бөліміндегі азық- түліктердің жиынтық салмағына кіреді. Мысалы, 400 г. Мұздатылған ет немесе тауық етін еріту үшін кететін толық уақыт 10 сағатты құрайды.

Thaw режимін пайдалану кезінде Cool Select Zoneсб ЕСКЕРТУ бөлімінен ерітуге қажет емес азық- түліктердің

барлығын алып тастау керек.

тоңазытқышын пайдалану _17

02 ТОҢАЗЫТҚЫШЫН ПАЙДАЛАНУ

Page 129
Image 129
Samsung RS21HNLMR1/BWT, RS21HNLBG1/BWT, RS21HNTRS1/BWT manual Quick Cool Тез суыту, Thaw еріту, Барлығын алып тастау керек