Көп мақсатты ұя мен зарядтағыштың шағын ұшын сұйық заттар, шаң, металл ұнтағы және қарындаш графиті сияқты өткізгіш заттарға тигізбеңіз

Өткізгіш материалдар жарылысқа немесе өртке әкеп соқтыратын қысқаша тұйықталуға немесе шіруге себеп болуы мүмкін.

Құрылғыны немесе батареяны тістемеңіз немесе сормаңыз

Бұлай істеу құрылғыны зақымдауы я болмаса жарылыс немесе өрт туындатуы мүмкін.

Балалар немесе жануарлар шағын бөліктерден шашалуы мүмкін.

Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс пайдаланып отырғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыны немесе онымен бірге берілген қосалқы құралдарды көзге, құлаққа немесе ауызға салмаңыз

Тұншығып немесе ауыр жарақат алып қалуыңыз мүмкін.

Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion) батареяны қолданбаңыз

Литий ионды батареяны қауіпсіз етіп тастау үшін жақын жердегі өкілетті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.

Абайлаңыз

Қауіпсіздік шараларын қолданбау және ережелерді сақтамау ауыр жарақатқа немесе меншіктің зақымдалуына әкелуі мүмкін

Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың жанында пайдаланбаңыз

Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын пайдаланады. Құрылғы басқа электрондық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін.

LTE деректер қосылымын пайдаланып дыбыстық жабдық және телефондар сияқты басқа құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін.

Қазақ тілі