Timeshift Mode функциясын қолдану t

Ағымдық таратылымды өткізіп алсаңыз, осы функцияның көмегімен жазылған бағдарламаны көре аласыз.

Timeshift функциясы Auto қалпында тұрған кезде, теледидар сіз қарап отырған арнаны автоматты түрде жаза бастау үшін сақтайды.

Timeshift функциясы Manual қалпында тұрғанда (Play) түймешігін бассаңыз, теледидар бағдарламаны қарап отырған жерден бастап жазу үшін арнаны сақтайды.

ЕСКЕРІМ

xx Жазылған видео материалдар СҚБ (сандық құқықты басқару) арқылы қорғалған және оларды ДК немесе теледидарда, немесе теледидардың негізгі тақтасын өзгерткен кезде де ойнату мүмкін емес.

xx Дерек таратылымын жазу мүмкін емес.

xx Жазу немесе Timeshift функциясының бар болуы, суреттің сапасы мен тұрғылықты дискіде орынның бар-жоғына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

xx Егер ▲ немесе ▼ түймешігін бассаңыз, ағымдық таратылым арнасын көре аласыз немесе жазылған бағдарламаның басталған жерін көре аласыз.

xx Timeshift Mode функциясы ең көбі ең көбі 90 минут жұмыс істейді.

xx Timeshift Mode функциясы мүмкіндігінше ұзақ жұмыс жасағаннан кейін, уақыт “00:00:00” болып көрсетіледі. Жазу үрдісін кідірткен жағдайда, теледидар автоматты түрде бағдарламаны жалғастырып көрсетеді.

xx Егер USB жады құралында қалуға тиіс 5% пайыз бос орын ғана қалса, ағымдық жазу үрдісі тоқтайды.

xx Жазу PVR (Personal Video Recorder) функциясы мен HDMI-CEC функциясына қолдау көрсететін құралдың көмегімен жүзеге асырылып жатса, PVR функциясы басымдыққа ие.

xx Ойнату немесе Timeshift Mode функциясы орындалып жатқан кезде, сурет теледидар бейнебетінің параметрлеріне сай көрсетіледі.

xx Жазу барысында сигнал көзін өзгертсеңіз, бейнебетте сигнал көзін өзгерту әрекеті аяқталғанша ешнәрсе көрсетілмейді.

xx Жазу немесе Timeshift Mode функциясының екеуіне де қолдау көрсетпейтін бағдарламаны, осы екі функция орындалу барысында қолданғыңыз келсе, ол автоматты түрде жабылып қалады.

xx Бағдарламаның алдыңғы терезесінде, жазу немесе Timeshift Mode функциясының жабылғаны туралы хабар пайда болады.

xx Timeshift Mode функциясына радио арналарында қолдау көрсетілмейді.

xx Жазу және Timeshift Mode функциялары, Child Lock арқылы құрсауланған арналарда жұмыс істемейді.

xx Егер USB құралы Device Performance Test сынағын сәтті аяқтай алмаса, USB құралын Device Format арқылы өткізіп, содан кейін Device Performance Test сынағын, Guide немесе Channel Manager арқылы жазуды бастамай тұрып қайта орындаңыз.

xx Жазу және Timeshift Mode функцияларын тек Device Performance Test сынағын орындаған USB жады құралымен бірге қолдануға болады.

xx Жазғыңыз келсе немесе Timeshift Mode функциясын, Device Performance Test сынағынан өтпеген құралмен бірге қолданғыңыз келсе, функция басталмайды.

xx Егер қашықтан басқару пультіндегі (REC) түймешігін, Channel Manager бейнебеті көрсетіліп тұрған кезде немесе Timer Recording функциясы арқылы жазу әрекеті орындалып жатқанда бассаңыз, әмірді орындауға кететін уақыт салдарынан теледидар іске қосылмауы немесе жазу әрекеті күткен уақыттан 1 не 2 секунд кеш аяқталуы мүмкін.

xx Егер жазуға арналған USB құралы жалғанса, бар Timeshift Mode немесе дұрыс сақталмай жазылған файлдар автоматты түрде жойылады.

xx Жазу әрекеті орындалып жатқан кезде сыртқы сигнал режиміне ауыссаңыз, жазу үрдісі жалғаса түседі, бірақ (REC) түймешігі жұмыс істемей қалады.

xx Теледидарды сөндіретін кез келген функцияның (Sleep timer, Off timer т.с.с.) уақыты жазу әрекеті орындалатын уақытпен қабаттасса, теледидар жазу әрекеті орындалғаннан кейін сөнеді.

04 Кеңейтілген функциялары

Қазақша 35

Page 215
Image 215
Samsung UE40C6620UWXRU, UE32C6620UWXRU manual Timeshift Mode функциясын қолдану t