Негізгі функциялары

Manual Store

Арналарды қолмен іздеу және теледидарда сақтау үшін қолданылады.

Егер арна Child Lock функциясы арқылы құрсауланған болса, PIN кодты көрсету терезесі пайда болады.

■■ Digital Channel: Арналарды іздеу аяқталған кезде, арналардың арна тізімінде жаңарғанын көресіз.

Antenna Air таңдаған кезде: Channel, Frequency, Bandwidth

Antenna Cable таңдаған кезде: Frequency, Modulation, Symbol Rate

■■ Analogue Channel (Programme, Colour System, Sound System, Channel, Search): Егер қалыптан тыс дыбыс естілсе немесе дыбыс мүлдем естілмесе, онда дыбыс стандартын қайтадан таңдаңыз.

Арна режимі

xx P (бағдарлама режимі): Баптау аяқталғанда, аймағыңыздағы барлық хабар тарату станцияларына P0 бастап P99 дейінгі нөмірлер тағайындалады. Осы режимде, арнаны реттік нөмірін енгізу арқылы таңдауыңызға болады.

xx C (әуе арнасы режимі) / S (кабельдік арна режимі): Осы екі режим, сигналды әуе арқылы тарататын станцияның әрбіріне немесе кабельдік арнаға тағайындалған нөмірді көрсету арқылы арнаны таңдауға мүмкіндік береді.

¦¦ Арналарды өңдеу

Арна басқарушысы параметрлерінің мәзірі

(Channel Manager ішінде)

1.Арнаны таңдаңыз да, TOOLS түймешігін басыңыз.

2.Арнаның атауын немесе нөмірін Edit Channel Name

немесе Edit Channel Number мәзірін қолданып өңдеңіз.

■■ Edit Channel Name (тек аналогтық арналар үшін): Арнаға өзіңіз қалаған атау беріңіз.

■■ Edit Channel Number (тек сандық арналар үшін): Нөмірді қажетті сандық түймешіктерді басып өңдеңіз.

¦¦ Басқа функциялары

Cable Search Option

(елге байланысты)

Кабель арнасын іздеу үшін жиілік және сигнал тарату жылдамдығы тәрізді қосымша іздеу параметрлерін орнатады.

■■ Freq.Start / Freq.Stop: Бастау және тоқтату жиілігін орнатады (әр елде әртүрлі)

■■ Modulation: Қолданыстағы модуляция мәндерін көрсетеді.

■■ Symbol Rate: Сигнал тарату жылдамдықтарын көрсетеді.

Channel Manager

Арна басқарушысы параметрлерінің мәзірі

Арнаның кез келгенін Channel Manager мәзірі параметрлерімен орнатыңыз (Lock / Unlock, Timer Viewing, Sort, Delete, Select All / Deselect All). Параметр мәзірінің элементтері арнаның күйіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

1.Арнаны таңдаңыз да, TOOLS түймешігін басыңыз.

2.Функцияны таңдаңыз да, оның параметрлерін өзгертіңіз.

■■ Lock / Unlock: Арнаны таңдауға немесе қарауға болмайтындай етіп құрсауға болады.

ЕСКЕРІМ

xx Бұл функция тек Child Lock параметрі On қалпында тұрғанда ғана жұмыс жасайды.

xx PIN кодты енгізу терезесі көрсетіледі. 4 орынды PIN кодты енгізіңіз, әдепкі PIN код нөмірі: “0-0-0-0”. PIN кодты Change PIN параметрін қолданып өзгертіңіз.

■■ Timer Viewing: Қалаған арнаны қажетті уақытта автоматты түрде көрсетілетін етіп орнатуыңызға болады. Бұл функцияны қолдану үшін алдымен ағымдық уақытты орнатыңыз.

Сандық арна таңдалып тұрса, сандық бағдарламаны қарау үшін ► түймешігін басыңыз.

■■ Sort (тек аналогтық арналар үшін): Бұл амал сақталған арналардағы бағдарламалар нөмірін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл амал арналарды автоматты түрде сақтау жүзеге асырылған соң қажет болуы мүмкін.

■■ Delete: Қалаған арналарды көрсету үшін арнаны жоюыңызға болады.

■■ Select All / Deselect All: Арна басқарушысындағы барлық арналарды таңдауға немесе бөлектемеуге болады.

14 Қазақша

Page 176
Image 176
Samsung UE40C6000RWXRU, UE40C6000RWXBT manual Manual Store, Cable Search Option, Арна басқарушысы параметрлерінің мәзірі